Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты

22 Қыркүйек 2021, 19:43
5287
Бөлісу:
Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шет ауданында жұмыс сапарымен жүрмін. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу барысымен таныстым, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, Ақсу-Аюлы кентінде екі пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталуда. 

Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты

Сонымен қатар әкімдік 18 үйді сатып алды. Жыл соңына дейін кезекте тұрған 30-дан астам отбасы баспанамен қамтылады. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді және тұрғын үйді мерзімінде бітіруді тапсырдым. Қазіргі заманғы бассейн ашып, оның жанынан күрес залын салу жоспарда бар, - деді ол.
Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты

Сонымен қатар әкім ауданда ауылішілік жолдар белсенді түрде жөнделіп жатқанын айтты.

Алты елді мекендегі 23 көше ретке келтірілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша тағы бірнеше ауылдың жолдарын орташа жөндеу басталды. Қазіргі уақытта 9 көше жөнделді. Шет ауданының ауылішілік жолдарының жартысынан көбі жақсы жағдайда, келесі жылы қалған көшелерді жөндеу жоспарланып отыр, - деп атап өтті Қасымбек.
Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты

Ол алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша 17 білім беру және 5 мәдени мекеме, 1 денсаулық сақтау ұйымы және 2 тұрғын үйдің жылу жүйесі жөнделгенін де айтты. 

Барлық коммуналдық мекеме көмірмен қамтамасыз етілген. Ағадырда қосымша үйлерге қосу арқылы қолданыстағы кәріз желілерін кеңейту аяқталуда. Кенттің төрт көшесінде сумен жабдықтаудың резервтік желісін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электрмен жабдықтау бойынша аудан тұрғындарының шағымдары көп. Бұл мәселені шешімін тапқанға дейін бақылауда ұстайтын боламын, - деді әкім.
Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты
Өзгелердің жаңалығы