Мәжілісмен: Алматыдағы қайғылы жағдай – несиелеу жүйесіндегі проблемалардың көрінісі

22 Қыркүйек 2021, 12:49
7495
Бөлісу:
Мәжілісмен: Алматыдағы қайғылы жағдай – несиелеу жүйесіндегі проблемалардың көрінісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Андрей Линник осындай мәселе көтерді. Сондай-ақ ол «Ақ жол» фракциясының депутаттары атынан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың атына депутаттық сауал жолдады.

Депутат екі күн бұрын Алматыда болған қайғылы жағдайға байланысты фракция атынан көңіл айта отырып, кез келген сипаттағы күш қолдануды, соның ішінде адам өлімін талқылаймыз деп отыр.

Құқық қорғау органдарын осы атысқа қатысты зерттеу жүргізіп, барлық жайтты анықтауға шақырамыз. Оның үстіне, күдіктіге қатысты оның алдында орын алған құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар пайда болды. Аталған трагедияға қатысты жайттарды анықтау полиция ғана емес, қаржылық реттеуіштер тарапынан да жеке зерттеуді талап етеді, - деп атап өтті депутат.

Қайғылы жағдайға жалғыз баспанасы үшін банкпен келісімге келе алмаған борышкердің дауы себеп болғаны белгілі.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, 121 млн теңге қарызы бар борышкерден банк бағалау құны 184 млн теңге болатын жер телімі бар тұрғын емес үй-жайды алып алған. Сондай-ақ алған кезде банк оны 96 млн теңгеге (яғни екі есе арзан!) бағалаған. Бұл мүлікпен қатар, банк борышкерден тұрғын үйді де тартып алуға шешім қабылдапты. Бірнеше жылдан соң дегендеріне жетіп, борышкерді ғана емес, оның кәмелетке толмаған балаларын да далада қалдырды, - деді Андрей Линник.

Сонымен қатар депутат біржақты түсіндірумен кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған немесе жай ғана несие алған мыңдаған азаматтың бетпе-бет келетінін тілге тиек етті.

Борышкердің басым көпшілігі көбіне соңғы қадамдарға, өзін-өзі өлтіруге дейін барып жатады. Бірақ бұл жағдайда борышкер өзге тұлғаларға қарсы қару кезеді. Бұл жағдай Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі, мұндай даулар бойынша сот шешімдерінің әділетсіздігі мен сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің сөз байласып алу ықтималдығы тудыратын халықтың несиеге үлкен деңгейде байлаулы болуына назар аудартты, - дейді ол.

Оның айтуынша, кешегі құрбандар – мыңдаған шағын кәсіпкер мен қарапайым борышкерлердің жағдайына немқұрайлы қатынастардың тікелей салдары.

Банктің міндеті – ақша жасау болғанымен, борышкердің кепілдік мүлкін алған кезде бағалау құнын қабылдамау 10-15%-дан аспау керек дейді. Себебі кепілді рәсімдегенде бастапқыда ондай мүлік несие сомасынан 30-40%-ға кемиді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне банктердің әрекеті алдында қорғансыз болып табылатын борышкерден алынатын мүлік құнын төмендету бойынша банктердің мүмкіндігін шектеу қажет деп ойлаймыз. Несие сомасын жасанды көбейтуді тоқтату үшін несие бойынша мөлшерлемені төмендету керек. Ол үшін Ұлттық банк бүгін инфляцияны көтере алмағанымен, екінші деңгейлі банктердің мөлшерлемесінің өте жоғары болуына себеп болып отырған базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарастыру керек, - деді депутат.

Мәжілісмен Алматыда болған қайғылы жайт осы проблемаларды кешенді шешуге себеп болуы тиіс деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы