Елге Ираннан 53 қандас келді

22 Қыркүйек 2021, 10:12
2328
Бөлісу:
Елге Ираннан 53 қандас келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қыркүйекте Иран Ислам Республикасынан 53 қандасымыз Нұр-Сұлтан қаласына жетті.  

Атажұртқа оралған қандастарымызды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері күтіп алды.

Елге Ираннан 53 қандас келді

Қандастарымыз үшін күтіп алу іс-шарасы ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді.

Енді Ираннан келген қандастар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады.

Елге Ираннан 53 қандас келді

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адамды (3 отбасы) «Отандастар қоры» өкілдері күтіп алып, Солтүстік Қазақстан облысына шығарып салды.

Бұл көш Сыртқы істер министрлігі, еліміздің Ирандағы елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қорының»  ұйымдастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 



Өзгелердің жаңалығы