«Талибан» қыздардың мектепке қашан оралатынын айтты

22 Қыркүйек 2021, 01:10
11212
Бөлісу:
«Талибан» қыздардың мектепке қашан оралатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» өкілі мен Ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид ауған қыздары мүмкіндігінше тезірек мектептердегі оқуларына оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды TOLO News.
 

Қыздар өз оқуларына қайта оралуы үшін ыңғайлы жағдай жасап жатырмыз. Бұл мүмкіндігінше тезірек іске асатын болады, – деді Муджахид баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Ауғанстанның жаңа Білім министрлігі ер оқушылар мен мұғалімдерді мектептерге оралуға міндеттегені туралы хабарланған болатын. Алайда қыздардың мектептерде одан әрі білім алу перспективалары туралы ештеңе айтылмады.

Муджахид өткен аптада ізгілікті насихаттау және жамандықты болдырмау мақсатында құрылған әйелдер істері министрлігімен болған жағдайға ешқандай түсініктеме берген жоқ. Ол Талибан әйелдерге білім беру және жұмыс мәселелерін шешуге, сондай-ақ осы процесте олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уақыт қажет екенін атап өтті.


 

Өзгелердің жаңалығы