Елбасы «Бастау Бизнес» жобасына жоғары баға берді

22 Қыркүйек 2021, 15:46
5072
Бөлісу:
Елбасы «Бастау Бизнес» жобасына жоғары баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Бастау Бизнес» жобасының түлектерінің қатысуымен онлайн-форум өтіп жатыр. Іс-шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаның 5 жылдағы жұмысын қорытындылау мақсатында ұйымдастырды.

Форумның жұмысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сол үшін тиісті заңнаманы жетілдіріп, салық ауыртпалығын азайттық әкімшілік рәсімдерді қысқартып, кредиттік ресурстарға қолжетімділікті арттырдық. Соның арқасында елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жыл санап артып, экономиканың осы секторында еңбек ететін азаматтар көбейді, - деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазіргі таңда шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың санын 4 млн-ға, ал оның ішкі-жалпы өнімдер үлесін 35%-ға жеткізу үшін жұмыс жасалып жатыр.

2016 жылы елімізде жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бастама көтерген болатынмын. Бүгінде бұл бастама осы мақсатқа қол жеткізудің маңызды құралына айналып отыр. Онда ауыл-аймақтар мен шағын қалаларда өз ісін бастаған кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөлу керектігі айтылады. Бастаманың тағы бір негізгі бағыты – жаңадан кәсіп ашқан кәсіпкерлерді қолдау шараларын қаржылық сауаттылыққа оқыту жүйесін енгізу. Осы ретте «Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» жобасын қолға алды. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлерді дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды, - деп айтты Елбасы форумдағы құттықтау сөзінде. 

Сонымен қатар Елбасы биыл «Бастау Бизнес» жобасының құрылғанына 5 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында көптеген қазақстандық кәсіпкерлік негіздерін оқып, өздерінің бизнестерін ашты.

Назарбаев «Бастау Бизнес» бағдарламасына жоғары баға беріп, ел бойынша оны жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Елбасы 30 жыл ішінде еліміз көптеген сынақтан өткенін айтты.

Оқу аяқталғаннан кейін бизнес-тренерлер жыл бойы кәсіпкерлердің жобаларына жетекшілік етеді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің проблемасын шешуге көмектеседі. Бұл, әсіресе, бизнеске әлемдік пандемияға байланысты қатты қысым түскен кезде өте қажет. Еліміздің гүлденуі азаматтардың әл-ауқатына тікелей байланысты, сондықтан мен жоғары бағалайтын «Бастау Бизнес» бағдарламасының барлық қатысушысына сәттілік тілеймін. Ел бойынша бұл бағдарламаны жалғастыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 


 

Өзгелердің жаңалығы