Халық санағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі

22 Қыркүйек 2021, 12:36
2951
Бөлісу:
Халық санағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 2021 жылғы ұлттық халық санақ нәтижелері, бәлкім, ел тарихындағы маңызды шараларыдң бірі болып табылады. 

Бұл пікірді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықова айтты. Оның пікірінше, санақ қорытындысы бойынша елде халықтың пандемиядан қалай өтіп жатқанын, он жылдан кейін өмір салты қалай өзгергенін білуге болады. 

Айгүл Қалықова халық санағы ең алдымен ел тұрғындарының жасы, жынысы, ұлты, білімі бойынша нақты сандық және сапалық құрамын білу үшін қажет деген пікірде. 

Біз өмір сүру жағдайын, жұмыспен қамту деңгейі мен құрылымын біле аламыз, бірақ бұған жету үшін әрбір тұрғынға жетуіміз керек және барлық адам санаққа қатысуы керек, - деді Қалықова. 

Санақ нәтижелері көптеген мәселелерді шешуге және мемлекетке жоспар құруға көмектеседі. Сонымен қатар санақ Алматы үшін мегаполис ретінде өте маңызды. Жасыратыны жоқ, қалада тұратындардың көпшілігінің ресми тіркеуі жоқ. 

Бұл жағдай дәстүрлі түрде еңбек мигранттары мен олардың отбасыларын қызықтыратын орын болып табылатын барлық ірі қалаларда дамып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға үлкен жүктеме бар. Мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Ал халықтың қажеттілігі туралы нақты деректер болмаса, қалай есептеуге болады? Біз барлығымыз балаларымыз бен немерелеріміздің заманауи балабақшаға, екі-үш емес, бір ауысымда білім алатын мектепке бару мүмкіндігін алғымыз келеді. Біз бәріміз сапалы медициналық қызмет алғымыз келеді. Мемлекет мұны тұрғындарды есепке алмай, белгілі бір елді мекенде тұратын адамдардың нақты санын білмей, өз халқына осыны қамтамасыз ету мүмкін емес, - деді Айгүл Қалықова. 

Санақ деректері мәліметтер базасында көрсетілмеген, құжаттары жоқ азаматтарды санауға көмектеседі. Бұлар мемлекеттен көмек алмайды. 

Сөзін қорытындылаған Алматының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қала тұрғындарын санақ кезінде белсенділік танытуға және жеке мәліметтерге алаңдамауға шақырды, өйткені заң олардың сақталуына тиісті кепілдік береді. 

Біз барлығымыз халық санағы тез әрі сапалы өтсе, онда өзекті мәселелердің шұғыл шешілетінін түсінуіміз керек. Өйткені, кез келген мәселені шешудің алғашқы қадамы – оның нақты тұжырымы, - деді Айгүл Қалықова.
Өзгелердің жаңалығы