Президент Қалжыр өзенін ластаушыларды жауапқа тартуды тапсырды

22 Қыркүйек 2021, 14:40
1822
Бөлісу:
Президент Қалжыр өзенін ластаушыларды жауапқа тартуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніне қатысты мәселе бойынша тапсырма берді, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.


«Айқын» газетінің бүгінгі нөміріне «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді, - деп жазды Берік Уәли.
Өзгелердің жаңалығы