Кітапхана қоры қазақ тіліндегі құнды кітаптармен толықты. Аймағамбетов «100 жаңа оқулық» туралы

22 Қыркүйек 2021, 11:22
19939
Бөлісу:
Кітапхана қоры қазақ тіліндегі құнды кітаптармен толықты. Аймағамбетов «100 жаңа оқулық» туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты. 

2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы іске асырылды. Осы жоба аясында қазақстандық студенттер әлемдегі үздік оқулықтар негізінде білім алды. 4 жыл ішінде әлемнің 100 шетелдік оқулығымен қатар 5 мың дәріс жарық көрді,-деді ол. 
Министр айтқандай, оқулықтарды іріктеу кезінде әлемдік жетекші университеттердің оқулықтарын пайдалану кезінде профессор мен студенттердің ұсыныстары ескерілгенін айтты. 
Осылайша, Ұлттық комиссия ең үздік оқулықтарды іріктеп алды. Олар Кембридж және Оксфорд сынды университеттерде кеңінен пайдаланылады. Олардың білім бағдарламасына енгізілген. Осы оқулықтар қазақстандық студенттердің білім бағдарламаларына енгізілді,-деді ол. 
Министр жобаны жүзеге асыру оң нәтиже бергенін айтты. 

Кітапхана қоры қазақ тіліндегі құнды кітаптармен толықты. Авторлар құрамында Нобель сыйлықтары бар екенін ерекше атап өтуге болады. Барлық оқулық ЖОО-ның мемлекеттік білім беру стандартына сай, -деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы