Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

22 Қыркүйек 2021, 14:30
26057
Бөлісу:
Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «JAS NOMAD» жобасының ашылу салтанаты өтті. Байқау ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жоба мақсаты - ұмыт болған дәстүрді жаңғырту.

Шара дәстүрлі түрде соңғы 3 жылда ұйымдастырылып келеді. Байқау жыл соңына дейін жалғасын табады. Жоба 4 кезеңнен тұрады. Оған қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.
Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

Биыл «JAS NOMAD» жобасы жыл аяғына дейін дəстүр мен əдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру идеясын насихаттайтын іс-шаралардың кешені ретінде жаңа онлайн форматта ұсынылып отыр.

Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

Елімізде осыған ұқсас байқаулар ұйымдастырылған. Бұл жобаның ерекшелігі - салт дәстүрімізді ғана көрсетіп қоймай, салтымызды бар спорттық шаралар мен азық-түлік өнімдердің пайдалану жолдары көрсетіледі. Ата-бабамыздың сақталған немесе ұмытылып келе жатқан дәстүрлерін кеңіннен насихаттау, -дейді ол.
Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, байқау төрт кезеңнен құралған.

Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

Бірінші кезең, онлайн форматта өтетін түрлі сабақтардан құралады. Онда төрт-түлік туралы немесе әшекей бұйымдарды қалай жасау керектігі туралы онлайн форматта сабақ беріледі. Сонымен қатар ата-бабамыздан келе жатқан сусындар мен тағамдардың қалай әзірлеуін көрсетеді. Өздеріңіз білетіндей, келген қонақты сыйлаған халықпыз. Оған қандай тағам мен құрмет көрсету керектігі жөнінде де ақпарат беретін боламыз, -деді Аян Ерментаев.
Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

Оның айтуынша, жобаның онлайн сабақтары жастар арасында кеңінен қолданатын Уou Tube желісі арқылы іске асырылады. Қала халқының тұрғындары тегін қатысып, атсалыса алады.

Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады

Екінші кезең офлайн форматта өткізіледі. Бұл кезеңде біз балшықтан әртүрлі ұлттық бұйымдар мен әшекейлер жасауды үйретеміз. Үшінші кезең онлайн форматта әлеуметтік желіде видео конкурс ұйымдастырылады. Қатысушылар бейнероликте ұлттық дәстүрімізді озық дәрежеде көресетуі керек. Төртінші кезең, іс-шараның қортындысы ретінде барлық қатысушылар белгіленген жерге шақырылып, марапатталатын болады. Сонымен бірге шаһарымыздағы аға буын өкілдерімен кездестіру өткізіліп, рухани отырыс ұйымдастырылады, -деді «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары.
Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады
Өзгелердің жаңалығы