Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
3155

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды, - деп жазды ол.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы