#Желмая. Қазақстандықтар неліктен арабтар сияқты өмір сүрмейді?

22 Қыркүйек 2021, 12:50
10141
Бөлісу:
#Желмая. Қазақстандықтар неліктен арабтар сияқты өмір сүрмейді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Қазақстан мұнай-газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов.

Қазақстанда мұнай өндірісінің жай-күйі қалай? Республикамыз әлемде мұнай өндірісі бойынша нешінші орында тұр? Мұнайдан қанша табыс түседі? Оның қанша пайызы елде қалады? Бензин мен дизельдің бағасы тағы көтеріле ме? Қазақстанда мұнай эрасы тоқтады ма? Мұнай саласында неліктен отандық мамандар саны аз? 30 жыл ішінде Қазақстан қанша кадрды тәрбиелей алды? Қазақстанның мұнай өндірісіне не жетіспейді? Қазақстандықтар неліктен арабтар сияқты өмір сүрмейді? Зауыттар күрделі жөндеуден қашан өтуі керек? Осы және өзге де сұрақтарға бүгінгі қонағымыз жауап берді. 


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Осыған дейін «Желмая» жобасында қонақта саясаттанушы, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының баспасөз хатшысы Самат Нұртаза болды.

Өзгелердің жаңалығы