Павлодарда мыңнан астам жүкті әйел коронавирус жұқтырған

22 Қыркүйек 2021, 17:06
7991
Бөлісу:
Павлодарда мыңнан астам жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады. 

Оның айтуынша, облыста эпидемия басталғалы 45 027 адам дертке шалдыққан.

Оның ішінде, 36 184 адам аурудың симптоматикалық, 8843 науқас симптомсыз белгілермен тіркелген.

Облыс бойынша Сovid-19-бен ауырған 35 896 науқас тіркелді. Оның ішінде, 1 051-і жүкті әйел, 5324-і балалар болып табылады. 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 4792 адамды құрайды, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ өткен тәулікте облыс бойынша COVID-19 жұқтырудың 188 жағдайы тіркелді. Осылайша, тәуліктік өсім 0,4%-ға тең.
Соңғы 2 аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттану көрсеткіші 132 жағдайға немесе 8,7%-ға төмендеді. Яғни аптасына 1510 деректен 1378-ға дейін азайды, - деп атап өтті Айзада Құрманова.
Қазіргі уақытта аймақта коронавирустық инфекцияны емдеу және оқшаулау үшін 1 945 инфекциялық, 200 реанимациялық және 88 карантиндік төсек-орын бар.
Сонымен қатар бүгінгі таңда 23 жүкті әйел стационарлық ем қабылдап жатыр. Оның екеуі ауыр халде, 21 жүкті әйел амбулаториялық емделуде, - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы