Шымкентте жаңа монополистке 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды

22 Қыркүйек 2021, 10:22
2495
Бөлісу:
Шымкентте жаңа монополистке 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Табиғи монополиялар туралы» заңның 26 - бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты, - делінген хабарламада.
Осылайша, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ы табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылмай және уәкілетті органмен бекітілмеген тарифпен сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне 2017 жылдан бастап 2021 жылғы 1 тамыз аралығындағы кезеңде қызмет атқарып, 19 763 349 (он тоғыз миллион жеті жүз алпыс үш мың үш жүз қырық тоғыз) теңге мөлшерінде кіріс алған.

Осыған байланысты, Субъект келесі нормаларды бұзып және келесі әкімшілік шараларға тартылды:

1) осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде департаментке мемлекеттік тіркелімге енгізу туралы өтінішті ұсынбағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 19 763 349 теңге әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның санкциясында әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл көзделген.

2) уәкілетті органмен бекітілмеген тарифпен реттелетін қызметті жүзеге асырғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде субъекті бұзушылық жасау фактісін мойындады және санкцияда көрсетілген баптың елу пайызы - 2 333 600 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге келісті.

Өзгелердің жаңалығы