Мәжілісте ТМД мемлекеттерінің қарулы күштеріне қатысты заң жобасы мақұлданды

22 Қыркүйек 2021, 11:01
4153
Бөлісу:
Мәжілісте ТМД мемлекеттерінің қарулы күштеріне қатысты заң жобасы мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісім былтыр 29 мамырда жасалған көрінеді.

Бірлескен (біріккен) байланыс жүйесіне қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің байланыс құралдары мен күштері кіреді.

Ұйымдастырушылық-техникалық құрылымды қалыптастыру, бірлескен байланыс жүйесін жасақтау мен жұмыс істеу қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдердің Үкімет басшыларының кеңесі бекітетін қағида арқылы анықталады. Ал палатаның пленарлық отырысында құжатты ұсына отырып, қазақстандық байланыс жүйесі өз жұмысын жалғастырады және бұл келісімнің оған ешқандай әсері жоқ, - деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.
Айта кететін жайт, осы келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің байланыс желілерінің ресурстарын пайдалануға мүмкіндік туындайды. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Өзгелердің жаңалығы