Все новости за 29 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасымен» 392 жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.
-
Елімізде сүт өнімдері қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басталғалы сүт пен кілегей өндірісі 9%-ға, сүт өнімдерінің бағасы 8%-ға өскен. Бұл туралы energyprom.kz жазды.
-
Қазақстандық оркестр халықаралық фестивальде Гран-при иегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фестивальге Ресей, Қазақстан, Норвегия, Дания, Италия, Финляндия, Исландия, Литва, Беларусь, Татарстан, Башқұртстан және т.б. елдерден 2000-нан астам өнерпаз қатысты.
-
Министрлік отандық өндірушілерді «Қазан ЭКСПО» көрмесіне дайындауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мен Татарстан сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.
-
Шекарадағы оқиға. Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға уағдаласты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға және әскери күштерді әркім өз жерлеріне орналастыруға уағдаласты. Бұл туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
-
Түркістанда сенбілікте 150 түп көшет отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласындағы Қазыбек би көшесінің бойында облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты секторда сенбілік өтті.
-
Астанада Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Бейсекова және Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 28 сәуірі сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордада күрішті көшеттеп егу тәсілі қолданылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында күріш егу науқаны басталды. Бүгін қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі «Ы. Жахаев атындағы Қазақ Күріш ғылыми зерттеу-институты» ЖШС-нің егіс алқабында Сыр салысының алғашқы дәндері себіліп, диқандар қызу жұмысқа кірісті.
-
Ертеңнен бастап Алматы мешіттерінің ауласында жұма намазы оқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеуі тиіс.
-
Маңғыстауда 144 кәсіпорын «Аshyq» жобасына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 144 кәсіпорын «Аshyq» жобасы бойынша жұмыс істеуде. Оның ішінде 14 нысан ресми түрде жобаға енді, ал 130-ы тесттік режимінде қызмет атқарып жатыр.
-
СҚО-да жазасын өтеушілерге коронавирусқа қарсы екпе салынып жатыр
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір өңірде қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 5 мекеме бар. Оның 1-еуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, әзірге 4 колонияда ғана вакцинациялау іске асуда.
-
Жамбылдық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген көлікті ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 395-шақырымында жылдамдық режимін асырған «Kia K5» маркалы автокөлігін тоқтатты.
-
Макинск құс фабрикасы өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс фабрикасындағы өрт 43 минутта сөндірілді.
-
«30 игі іс»: Елорда тұрғыны үй кешенінің аумағында ағаш отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Осы акцияның аясында «Тамыз» ТК аумағында 30 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Балаева «Сорос-Қазақстан» қорының өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бас санитариялық дәрігер коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеме жасады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Исекешев ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты.
-
Қызмет көрсету саласы мамандарына сұраныс бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде құрылыс, қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларында мамандар тапшы. Осындай сұранысқа ие қызмет көрсету саласы мамандарын елордадағы Сервис және туризм колледжі дайындайды.
-
Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады.
-
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қыза түсуде. Баткен облысындағы Көк-Таш ауылында бірнеше үй өртеніп жатыр. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі 11 адам зардап шеккені туралы хабарлады.
-
Самарқандта Қазақстанның бас консулдығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасы бас консулдығының ресми ашылуы өтті.
-
Судьяның кеңсесінен 10 000 доллар тәркіленді, үйінен ештеңе тәркіленбеді – Алматы қалалық соты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының соты ұсталған судьядан аса ірі көлемде қаржат тәрікіленді деген ақпаратты жоқ шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
«Бала тегін білім алуы керек». Нарықтағы сұранысқа ие мамандарды оқытатын мекеме
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Үкіметке сұранысқа ие мамандарды даярлауды тапсырды. Айта кетсек, бүгінгі күні елімізде қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы саласы мамандар тапшы. Осындай мамандарды елордадағы Туризм және сервис колледжі оқытады. Колледж 8 мамандық және 22 біліктілік курсы бойынша білім береді.
-
Павлодар облысының жедел жәрдем қызметі үш жаңа цифрлық жобаны жүзеге асыруда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі жұмыс үрдістерін автоманттандыруды жалғастыруда. Қазіргі уақытта медициналық ұйымда бірден үш жаңа цифрлық шешім енгізілуде.
-
Офицер қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді
-
Фермерлер өнімдерін қандай жағдайда сақтандыра алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жекелеген өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдары мен ірі қараны ерікті агросақтандыру механизмі жұмыс істейді. Айта кету керек, сақтандыру сыйақылары субсидияланады.
-
ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама таратылуда. Бұл – фейк.
-
Журналистерді қорғау комитеті Өзбекстандағы сөз бостандығын шектеу заңына қарсылық білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Журналистерді қорғау комиеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) Өзбекстан билігін жуықта бірқатар заңдарға енгізілген түзетулерден бас тартуға шақырды.
-
Үндістанда тәуліктік өлім-жітімнің антирекорды тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жағдайларының саны бойынша Үндістан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында, ал COVID-19 ауруы бар адамдар арасында өлім-жітім бойынша төртінші орында тұр.
-
Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
-
Алматы мешіттерінде екпе салу пункті ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы №8 қалалық емханасының бас дәрігері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Алмалы аудандық медициналық бірлестігінің үйлестірушісі Фарида Ағыбаева онлайн конференция барысында айтты.
-
МӘМС туралы 10 сұрақ: COVID-19 вакцинациясы, МРТ және жарналар туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экстракорпоралдық ұрықтандыруға квотаны қалай алуға болады? Тұрғын емханаға тіркелуден неліктен бас тартады? Пластикалық операциялар тегін жасала ма? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардан келген осы тектес 10 сұраққа жауап берді.
-
Алматыда судья парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Алматы, BAQ.KZ. Желіде Алматы қаласы, Медеу ауданы судьясы Светлана Жолманованың парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
-
«Ashyq». Цифрлық даму министрлігі депутатқа жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ashyq» қосымшасының қауіпсіздігіне күдік танытқан Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашеваның депутаттық сауалына жауап берді.
-
Халық өзінің құқығын талап ете бастады – Оразалиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының кезекті шығарылымында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева айтты.
-
Маңғыстаулық кеденшілер Түркиядан келген контрабандалық жүкті анықтады
Нұр-Сқлтан, BAQ.KZ. «Құрық» кеден бекетінің қызметкерлері Маңғыстау көлік прокуратурасымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы ірі көлемде контрабандалық тауар алып өту фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
-
Қытай азық-түлікті тауысып жемегендерге салық төлетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай елінің Парламенті елдегі азық-түлік ысырапшылығымен күресетін заңға қол қойды, деп жазды korrespondent.net.
-
Биыл Павлодар облысынан су жолдары арқылы 900 мың тонна жүк тасымалданады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күннен кейін Павлодар облысында дәстүрлі навигация басталады. Су жолдары ашылып, Ертіс арқылы жүс тасымалы жанданады.
-
Биыл Алматының индустриалды аймағында 10 жоба іске қосылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Индустриалды аймақ директоры Әділ Амралин онлайн брифингте айтты.
-
Биыл Нұр-Сұлтанда 100-ден аса көше жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ауа-райының жылынуымен жол жұмыстары қайта жанданды. Биыл барлығы 100-ден астам көше жөнделіп, кейбірін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны кезеңінде 37 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-
Алматыдағы балалар кардиохирургия орталығына реанимациялық жабдықтар сыйға берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтар сыйға берілді.
-
Жастар арасында КВИ жұқтыру 35,5%-ға дейін көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі 40 мониторингтік топ жұмыстарын жалғастыруда. Бұл коронавирус инфекциясының жаппай тарауына әкелуі мүмкін эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын болдырмау үшін қажет.
-
Адамдарға «сақтандырылуың керек» деген талапты ешкім қоя алмайды – Оразалиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының кезекті санында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева айтты.
-
Теңге ілу спорты аккредиттеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңге ілу спорты Ұлттық Олимпиадалық комитетпен танылып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитетінен аккредиттеуден өтті.
-
Барлық жеңістің негізінде халықтың бірлігі жатыр – Жұмырбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осыған орай ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі Тимур Жұмырбаевтан Қазақстандағы халықтардың мызғымас бірлігі мен бейбітшілігі, Бірлік күнінің идеясы туралы сұраған едік.
-
#Желмая: Уақытша жұмыссыз жүрген адамдардың денсаулығы сақтандырыла ма?
«Желмая» жобасының бүгінгі қонағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева.
-
Сенат Жер туралы заңды Мәжіліске жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат депутаттары Президенттің Жер туралы заңын қарады. Бұған дейін Сенат қабырғасында осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 2 отырысы және аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің 1 кеңейтілген отырысы, сондай-ақ Сенат бюросының отырысы өткен болатын. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында жазды.
-
Роман Скляр орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша тапсырмалар берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 сәуірде бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың жалпы басшылығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
-
Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жыл 28 сәуір күні Алматыда коронавирустық инфекцияның 695 жаңа жағдайы тіркелді, оның 601 симптомдық белгімен және 94-і симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
-
Сархат Бейсенова инфекцияның көптеп тіркелуінің негізгі себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақыбыры аясында өткен онлайн брифинг Нұр-Сұлтан бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
-
Заң жобасы қабылданды. Борышкерлердің мазасын алу тоқтайды, несие тарихы жақсарады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Сенаторлар коллекторлық агенттік қызметкерлері бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салатын заңды қабылдады.
-
Скрининг жүргізілгенде қатысушылардың 50-70%-да ісіктің І сатысы анықталады – шетелдік онколог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДДҰ әрі Қатерлі ісікті бақылау жөніндегі халықаралық агенттіктің өкілі доктор Андреа Карвальо «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында өтіп жатқан онлайн халықаралық конференцияда айтты.
-
Елорданың эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақыбыры аясында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
-
Ауыл әкімі болатын адамды ауыл халқы өзі ұсына алады - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді.
-
«Орман өсіру үшін» жерді шетелдіктерге жалға беруге қатысты бапқа Сенат өзгеріс енгізді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды.
-
Шетелде шылым шегетін онкологты бірден лицензиясынан айырады - онколог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Балтабеков «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында өтіп жатқан онлайн халықаралық конференцияда айтты.
-
Өндірістік кәсіпорындар орналасқан өңірлерде өкпе рагына шалдығу жоғары - онколог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Балтабеков «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында өтіп жатқан онлайн халықаралық конференцияда айтты.
-
Министр қанша жерді шетелдіктерге бергендерін айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Жалпы ауданы 74,4 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдік қатысумен жеті заңды тұлға жалға алып отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
-
Ауылдың 5000 оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде білім алу үшін сайысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алатын дарынды бес мың оқушының есімдері жарияланды.
-
Маңғыстау облысы "сары аймаққа" ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 29 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Шымкентте әскери-эстафета өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында әскери-спорттық эстафета өтті.
-
Елімізде жыл сайын 2 мың адам өкпе қатерлі ісігінен көз жұмады - Диляра Қайдарова
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында онлайн халықаралық конференция өтіп жатыр.
-
Коронавирус. 114 адам ӨЖЖ аппаратымен демалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 сәуірдегі ақпарат. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Алматыда төрт қызды соғып кеткен жүргізушінің ісі сотқа жолданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 2 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен болатын.
-
Елімізде алғаш рет әлеуметтік қызметкерлер тестілеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істейтін 11 мыңнан астам адамды ауқымды тестілеу аяқталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстандағы кедейшілік бар өңірлер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 1% артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді.
-
Қазақстанның құрметті журналисі 60 жаста
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, сенатор, Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп бүгін 60 жасқа толды.
-
Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығындағы бұқара халық жиналатын бірнеше жерге көшпелі медициналық кешен орнатылып, вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
2850 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2850 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Өткен тәулікте 2883 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2883 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Айжан Есмағамбетова «QazVac» вакцинасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №9 емханада ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова КВИ-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасын егілді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
-
Бірнеше облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды.
-
Димаш Құдайберген «Славян базары» ән байқауына қазылық етеді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2021 жылы өтетін «Славян базары» ән байқауында қазылық етеді, деп хабарлайды Mnews.kz.
-
Қазақстанда жасанды интеллект университеті салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа университет салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
-
Нұр-Сұлтанда медбике ауруханадағы сейфтен миллион теңге ұрлаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада медбике ауруханадағы сейфтен миллион теңге ұрлап, ізін жасыру үшін полицияға өзі хабарлаған, деп хабарлайды tengrinews.kz.
-
Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьерден 89 келі балық табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
-
Қазақстандық вакцина 9000 адамға егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш күнде қазақстандық «QazVac» вакцинасы 9 мың адамға егілді.
-
Трилогия қашан? Сауль Альварестің биылғы жоспары хабарланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес биыл желтоқсанда жұдырықтасуы мүмкін. Мексикалық боксшы оған дейін екінші орта салмақта екі белбеуді беліне байламақ. Бұл туралы Boxing247.com журналисі Джеймс Слэтер жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
ШҚО-да 9 шетел азаматы елден шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Наверх