Алматы мешіттерінде екпе салу пункті ашылды

29 Сәуір 2021, 16:21
1302
Бөлісу:
Алматы мешіттерінде екпе салу пункті ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы №8 қалалық емханасының бас дәрігері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Алмалы аудандық медициналық бірлестігінің үйлестірушісі Фарида Ағыбаева онлайн конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір қала бойынша екпе салатын 211 пункт жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 40 көшпелі мобилді бригада бар.

Оның ішінде, егу пунктерінде діни ұйымдар да бар. «Қалқаман» аумағындағы және «Нұр» мешітіне келушілерге вакцинация пункттері ашылып,жұмыс істеп жатыр. 30 сәуірге дейін «Музаммиль», «Әл-Мәдина», «Абдулла», «Алматы орталық мешіті» мешіттерінің аумағында тағы да бірнеше пункттер ашу жоспарлануда. «Алматы орталық мешітінің» вакцинациялау пункті жылжымалы және ұжымдық қызмет кезінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Вознесенск Кафедральды шіркеуі» мен «Храм Христа Спасителя» шіркеуінде ашылды, олар жексенбі күні де жұмыс істейді,-деді Ағыбаева.

2021 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 8 468 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 316 адам отандық екпені алған. QazVac вакцинасын салу басталғалы қалада 2016 адам осы екпені салдырған. Жалпы 1 ақпаннан бастап 28 сәуірге дейін Алматыда 204 504 адам вакцина алған. Соның ішінде 16 787 адам құқық қорғау қызметкерлері, 16 820-сы мұғалім, 23 061 медицина қызметкері, қалған санаттар арасында созылмалы ауруы бар науқастар мен бекітілген тұрғындардың саны құрайды.

25 сәуірде Алматы қаласында QazVac отандық вакцинасының 6 000 дозасы алынды. Сегізінші траншпен «Спутник-V» екпесінің 57 895 дозасы түсті. Бүгінгі таңдағы вакцинаның қалдығы қалада 75 411 дозаны құрайды, оның ішінде QazVac – 984 дозасы бар,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы