Самарқандта Қазақстанның бас консулдығы ашылды

29 Сәуір 2021, 18:31
1193
Бөлісу:
Самарқандта Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасы бас консулдығының ресми ашылуы өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды, Самарқанд облысының хокимі Эркинжон Турдимов, сондай-ақ Самарқанд қаласының қоғам және бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып,  елші 2019 жылы қол жеткізілген Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің уағдаластықтары арқасында мүмкін болған осы оқиғаның саяси маңыздылығын атап өтті.

Өңірдің жоғары туристік экономикалық және көліктік әлеуетін ескере отырып, бас консулдықтың алдына қойылған міндеттер консулдық-құқықтық аспектілермен қатар, сауда-экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтитынын хабарлады.

Д.Сатыбалды өзбек тарапына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның Самарқандтағы дипломатиялық миссиясының қызметі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде облыс хокимі өңірдегі қазақстандық «Теңге банк» және «Hyundai Asia Auto» дилерлік орталығы Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сату бойынша өз қызметін іске асыру мен Қазақстанның қатысуының кеңеюі туралы мәлімдеді.

Өңір басшысы Қазақстанның Бас консулдығы екі халықтың бауырластық байланыстары нығая түсетініне сенім білдірді.

Қазақстанның бас консулдығының мекен-жайы: Ялантуш Баходир 52А көшесінде орналасқан. Консулдық округ ретінде Самарқанд, Бухара, Жизақ, Сурхандария, Қашқадария облыстары, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасы болып белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы