Айжан Есмағамбетова «QazVac» вакцинасын салдырды

29 Сәуір 2021, 07:35
1381
Бөлісу:
Айжан Есмағамбетова «QazVac» вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №9 емханада ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова КВИ-ға қарсы қазақстандық «QazCovid-in» (QazVac) вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Вакцинаны салынар алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір құты бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, +2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты. 

Вакцинация – пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі. Сондықтан вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыру өте маңызды. Мен мысал ретінде вакцинацияның мүлдем қауіпсіз және тиімді екенін көрсеткім келді. Біз бәріміз неғұрлым тез вакцинациялансақ, соғұрлым тезірек шектеу шараларынсыз өмірге ораламыз, – деді Есмағамбетова вакцинациядан кейін. 
Ол отандық «QazVac» вакцинасын шығарумен қазақстандықтарда вакцина таңдау мүмкіндігі пайда болғанын, оны халық белсенді пайдаланатынын атап өтті. вакцина. Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды. 
Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін бізде халықтың 60% вакцинациялануы керек. Тек осылай ғана вирустың айналымын тоқтатуға болады, – деді комитет басшысы. 
Бізде мұндай қамту жоқ және вирус айналымы жалғасуда. Сондықтан, әзірге біз ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмадық, маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, – деп атап өтті Есмағамбетова. 
Еске сала кетсек, 22 сәуірде Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілген «QazVac» (QazCovid-in) қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді. 26 сәуірде халықты «QazVac» вакцинасымен вакцинациялау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық «QazVa» вакцинасын салдырды.
Өзгелердің жаңалығы