Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді

29 Сәуір 2021, 16:32
1413
Бөлісу:
Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Лауазымды тұлға мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.
 

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Өзгелердің жаңалығы