Адамдарға «сақтандырылуың керек» деген талапты ешкім қоя алмайды – Оразалиева

29 Сәуір 2021, 13:30
1587
Бөлісу:
Адамдарға «сақтандырылуың керек» деген талапты ешкім қоя алмайды – Оразалиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының кезекті санында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева айтты.

Тегін медициналық көмекті жеңілдігі бар 15 санат алады. 15 санат үшін ақшаны мемлекет төлейді. Мәселен, санаттарға балалар мен зейнетақы алушылар, 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен жұмыссыз отырған адамдар, I топтағы мүгедектігі бар балалардың қамқоршысы, жұмыс істемейтін қандастар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, түрмедегі азаматтар жатады, - деді Оразалиева. 


Оның айтуынша, олардың саны қазір 11 млн-ды құрап отыр. 

Қалғандары үшін өздеріне-өздері не болмаса жұмыс берушілер төлеуі керек. Кепілдендірілген медициналық көмекке халықтың барлығының құқығы бар. Оған учаскелік дәрігер мен жедел жәрдем кіреді. Адамдарға «сақтандырылуың керек» деген талапты ешкім қоя алмайды, - деді Забира Оразалиева. 

 
Ол атағандай, былтыр ШОБ-қа мемлекет тарапынан қолдау жүргізілді.

Шағын және орта бизнестің иелері салық пен әлеуметтік қорларға салым салудан босатты. Азаматтардың қаржысы тікелей қордың есебіне түспейді. Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорацияның есебіне түседі. Барлығы қатаң бақылануда. Корпорация бізге Ұлттық банк арқылы жібереді. Онда мемлекет тарапынан тізім де бекітілген, банк та екінші дәрежелі банк емес. Сондықтан қауіпсіздікті сақтау қамтамасыз етілген, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы