Шымкентте әскери-эстафета өтті

29 Сәуір 2021, 10:15
1668
Бөлісу:
Шымкентте әскери-эстафета өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында әскери-спорттық эстафета өтті. 

Іс-шараның бастамашысы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі болды.

Шымкентте әскери-эстафета өтті

Спорттық мереке жеке құрамның жалпы сапынан басталды, алғашқы сөзді әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Орынбасар Жұбанов сөйледі.

Шымкентте әскери-эстафета өтті

Біздің бейбіт аспанымыз, ардагерлеріміздің еңбегі. Олар ұрпақтарына бейбітшілік сыйлау үшін иықтарында өте үлкен ауырлықты көтерді. Біздің міндетіміз – оны сақтау үшін бәрін жасау. Сондықтан әрбір әскери қызметшінің борышы – әскери істе пайдалы болатын нәрселерді үйрену, - деп атап өтті ол.

Шымкентте әскери-эстафета өтті

Жеңіске алты команда таласты. Эстафетаның кезеңдері: жүгіру, граната лақтыру, гір теуіп жүгіру, пневматикалық мылтықтан нысананы ату, зембілде жаралыларды тасымалдау және жүк көлігінің дөңгелегін көшіру.

Мұндай әскери-спорттық жарыстар жеке құрамның дене дайындығы деңгейін арттыруға және әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы