Сархат Бейсенова инфекцияның көптеп тіркелуінің негізгі себебін айтты

29 Сәуір 2021, 12:15
2025
Бөлісу:
Сархат Бейсенова инфекцияның көптеп тіркелуінің негізгі себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақыбыры аясында өткен онлайн брифинг Нұр-Сұлтан бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның көптеп тіркелуінің негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланатын орындарға баруын тоқтатпау, бетперде тақпау, сондай-ақ амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауы болып отыр.

Тыйымға қарамастан, азаматтардың үй карантинін бұзғаны «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерге баруымен расталуда. Ол бойынша сәуір айында ғана үй карантинін бұзушылардың 736 фактісі анықталды, оның ішінде 299 науқас және 437 байланыста болған адам. Қосымша бірыңғай зертханалық-ақпараттық жүйемен біріктірілген, бұл жеке тұлғаның байланыста болғандар немесе ауырғандар санатына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасы 222 кәсіпкерлік субъектісін біріктірді.

«Ashyq» жобасын енгізудегі негізгі мақсаты – вирус жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайын болдырмау. Бизнес үшін бұл, әрине, «қызыл» немесе «сары» аймақта болса да, өз қызметін халықтың вирус жұқтыру қаупінсіз қалпына келтіру мүмкіндігі, - деді ол.

Ол бұған дейін елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз екенін, қала бір жарым ай бойы «қызыл» аймақта тұрғанын мәлімдеген еді.
Өзгелердің жаңалығы