Бас санитариялық дәрігер коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

29 Сәуір 2021, 19:34
3016
Бөлісу:
Бас санитариялық дәрігер коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеме жасады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Құрметті қазақстандықтар! Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы аса қолайсыз елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған барлықтарыңызға мәлімдеме жасағым келеді. Мен коронавирустық инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропаның, Латын Америкасының, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір еліне барудан бас тартуды сұраймын. Аталған елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекордтық көрсеткіш күн сайын жаңаруда, - деді ол.

Қиясовтың айтуынша, ғалымдар коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне аса қауіп төндіреді деп дабыл қағуда.

Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екендігін ұмытпаңыз, - деді бас санитар.


Өзгелердің жаңалығы