ШҚО-да 9 шетел азаматы елден шығарылды

29 Сәуір 2021, 00:32
1537
Бөлісу:
ШҚО-да 9 шетел азаматы елден шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 9 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Шығыс Қазақстанда облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін бұзғаны үшін жыл басынан бері сот шешімі бойынша 9 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Бүгінгі таңда олардың 5-і бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды. Мәселен, 20 сәуірде Жарма аудандық сотының шешімі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы елден шығарылды, ол 2011 жылы есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін сотталған болатын. Әйел жазасын ОВ 156/18-де өтеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған азаматшаның ҚР-ға кіруі 5 жыл мерзімге жабылды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде біздің облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы