Павлодар облысының жедел жәрдем қызметі үш жаңа цифрлық жобаны жүзеге асыруда

29 Сәуір 2021, 17:45
1182
Бөлісу:
Павлодар облысының жедел жәрдем қызметі үш жаңа цифрлық жобаны жүзеге асыруда

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі жұмыс үрдістерін автоманттандыруды жалғастыруда. Қазіргі уақытта медициналық ұйымда бірден үш жаңа цифрлық шешім енгізілуде.

Жаңашыл жобалар қызмет бөлімшелерінің жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. 

Мамандардың айтуынша, алғашқы жүйе медициналық бұқйымдар мен дәрі-дәрсектердің шығынын бақылайды.

Екіншісі реанимобильдердің жылдамдық режимін бақылайды. Ал үшіншісі дәрігерлер бригадаларын шақыртулар көп түсетін учаскелерге жіберіп тұруға арналған.

Бұған дейін санитарлық автокөліктерді жабдықтауға басымдық бердік. Ал қазіргі уақытта науқастың дәрі-дәрмектік қауіпсіздігі, реанимобильдердің қозғалыс кезіндегі қауіпсіздігін назарда ұстаймыз. Сонымен қатар, жұмысымызда үнемшілік керек, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Қанадан Қанашұлы. 

Дәрі-дәрмектердің шығыны мен сақталуын бақылау үшін 103 қызметінде Канбан-әдіс енгізілген. Бұл әдіс Жапонияда «Тойота» көліктерінің өндірісінде қолданылған. Бұл әдісті павлодарлық дәрігерлер енгізген бағдарлама медициналық препараттар мен бұйымдардың шығындалуын автоматты түрде бақылап тұрады. 

Станцияға әкелінген кез келген препарат немесе бұйымға штих-кодтар басылады. Осының арқасында мамандар әр дәрілік құралдың бар-жоғы, аяқталу мерзімі туралы ақпарат алып отырады. Ал бухгалтерлік қызмет сатып алу жөніндегі құжатты жасайды. Бұл жүйе дәрі-дәрмектердің қолдану мерзімінің аяқталуын да анықтап отырады, - дейді бас дәрігер. 

Бүгінде жедел жәрдем станциясы триж-жүйе бойынша жұмыс істейді. Осылайша, науқастар ауруханаға жатқызылмас бұрын сұрыпталып отырады. 

Айта кетейік, бригадалардың оқиға орнына бірінші санат бойынша жету мерзімі жеті минутты құрайды. Ал қала сыртындағы жолдарға жетуі уақыты 12 минутқа дейін. Бұл - еліміздегі үздік көрсеткіш.
 


Өзгелердің жаңалығы