Теңге ілу спорты аккредиттеуден өтті

29 Сәуір 2021, 13:28
2809
Бөлісу:
Теңге ілу спорты аккредиттеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңге ілу спорты Ұлттық Олимпиадалық комитетпен танылып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитетінен аккредиттеуден өтті.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы теңге ілу спорты бойынша өңірлік спорт федерациясы мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Теңге ілу» — ұлттық ойын. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады.

Өзгелердің жаңалығы