Қазақстанда жасанды интеллект университеті салынады

29 Сәуір 2021, 05:25
2023
Бөлісу:
Қазақстанда жасанды интеллект университеті салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа университет салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғыш Президент елордадағы Назарбаев университетін әлем мойындайтынын, енді жаңа оқу орны Алматыда орналасуы ықтимал екендігін айтты.

Қазір біз жасанды интеллект университетін салғымыз келеді. Ол Алматыда орналасуы мүмкін. Онда біздің балаларымыз білім алады. Елдің болашағы – жастардың қолында, – деді Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX cессиясында.
Өзгелердің жаңалығы