Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

29 Сәуір 2021, 19:01
1294
Бөлісу:
Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады.

29 сәуірде Сәтбаев қаласында 5-қабаттағы пәтердің терезесінен 2013 жылғы бала құлап қалды, Балқаш қаласында 2-қабаттағы пәтердің терезесінен 2018 жылы туған бала құлады. Балалар медициналық мекемелерге жатқызылды, - делінген хабарламада.

Ата-аналарды кішкентай балаларды қарауды күшейтуге, оларды терезелері ашық бөлмелерде жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынаң алып тастаңыз,. Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.

Өзгелердің жаңалығы