Коронавирус. 114 адам ӨЖЖ аппаратымен демалып жатыр

29 Сәуір 2021, 10:00
1780
Бөлісу:
Коронавирус. 114 адам ӨЖЖ аппаратымен демалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 сәуірдегі ақпарат. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

29 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 526 адам коронавирус инфекциясынан (42 038 КВИ+ және 488 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 709 пациент стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

760 адамның жағдайы ауыр;

199 пациенттің жағдайы өте ауыр;

114 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 27 сәуірдегі мәлімет бойынша 112 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 52 739, өлім жағдайлары - 791, барлығы 51 460 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы