Офицер қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді

29 Сәуір 2021, 17:32
1675
Бөлісу:
Офицер қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді

Бұл туралы СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз хабарлады.

Солтүстік қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты батальонының командирі әшкереленді. Ол әскери институт басшылығы тарапынан белгілеген тыйымға қарамастан, қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражат түрінде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Петропавл қаласындағы УҰИ-не қамалды.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтап, түпкілікті шешімді сот шығарады.

Бұл факт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекет ету фактілері бойынша немқұрайлы емес, саналы азаматтардың өтініштеріне ден қою мысалдарының бірі болып табылады.


Өзгелердің жаңалығы