Биыл Павлодар облысынан су жолдары арқылы 900 мың тонна жүк тасымалданады

29 Сәуір 2021, 14:51
1554
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысынан су жолдары арқылы 900 мың тонна жүк тасымалданады
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күннен кейін Павлодар облысында дәстүрлі навигация басталады. Су жолдары ашылып, Ертіс арқылы жүк тасымалы жанданады.

Қазіргі уақытта Павлодар өзен порты соңғы дайындықтарын пысықтауда. Порт флотының 90%-ы навигацияға дайын. Мамандардың айтуынша, кеме жүзу маусымына үш жүзгіш кран мен үш баржа жөндеуден өткен. Бүгінде флотта 60тан астам маман жұмыс істейді. Биылғы жылы ұжым жас матростармен толықты.

Флоттың учаске бастығы Виталий Крупейничтің айтуынша, жас кадрлар Семей көлік колледжінен келген.

Ұжымымызға үш студентті қабылдадық. Барлығы - кеме жүргізушісі мамандығы бойынша білім алуда. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстарына қызу араласты. Болашақта олардың тұрақтап қалуы үшін жатақхананың құрылысын аяқтамақпыз. Бізге жас мамандар қажет, - дейді Виталий Крупейнич.
Биыл Павлодар облысынан су жолдары арқылы 900 мың тонна жүк тасымалданады

Айта кетейік, облыстың өзен-көлдерінде уылдырық шашу кезеңі өтуде. Сондықтан, навигация әзірге ашылған жоқ. Оған қоса Бұқтырма қоймасынан табиғат қорғау мақсатындағы су босатылған жоқ.

Павлодар өзен портының техникалық директоры Оңдасын Сәдуақастың мәліметінше, өткен жылы пандемия салдарынан қиындықтар туындаған. Көрші елге су арқылы 500 мң тонна жүк тасымалданған. Әдетте су арқылы Ресей аймақтарына қиыршықтас, техникалық тұз бен құрылысқа қажет құм жеткізіледі. Бұл шикізаттар жоғары сұранысқа ие.

Осы жылы шамамен 900 мың тонна жүк апарылады деп күтілуде. Порттың коммерциялық бөлімі серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Құм қазу жұмыстарының көлемін бір маусымда 1 млн тоннаға жеткізуге қауқарымыз бар. Қазіргі уақытта ішкі нарыққа жеткізіліп жатыр. Осы бағытта ауқымды жобалар қолға алынбақ. Мәселен, тауарлы бетон, пескоблок өндірісін іске қосу жоспарланған, - дейді Оңдасын Сәдуақас.
Биыл Павлодар облысынан су жолдары арқылы 900 мың тонна жүк тасымалданады

Мамандардың айтуынша, су жолдары экономикалық тұрғыдан аса тиімді. Тауар тасымалы құрғақ жол арқылы жеткізуге қарағанда әлдеқайда арзан. Бұл мәселе қос мемлекет деңгейінде шешілуі керек. Негізгі проблемалардың қатарында өзеннің тереңдігін кепілдік көлемін қамтамасыз ету. Яғни, тереңдеті. Қазақстан тарабы бұл бағытта шараларды қолға алса, көрші ел тарапынан атқарылған жұмыстар баяу. Жергілікті өзеншілер күрмеулі мәселені жыл сайын көтергенмен, белссенділік аз.

Еске сала кетейік, Павлодар өзен порты алғашқы баржаларын Ресейге 1965 жылы жіберген. Сол кезден бері байланыс үзілмеген. 

  

 


Өзгелердің жаңалығы