Астанада Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

29 Сәуір 2021, 21:55
1107
Бөлісу:
Астанада Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Бейсекова және Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 28 сәуірі сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 

Осыған байланысты Ш.Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 28 сәуірі сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жартылай жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы