Все новости за 7 желтоқсан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
МӘМС: Бір айда 3,7 млрд теңгеге жуық жарна түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы қараша айында елордалықтар медициналық сақтандыру үшін 3,7 млрд теңгеге жуық жарна аударды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бейжің – 2022 ұйымдастыру комитеті спорттық нысандардағы дайындықты бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің – 2022 ойындарын ұйымдастырушы комитет Олимпиада ойындарына қажетті жасанды қарды дайындап жатқанын мәлімдеді. Аталған процесс қаңтар айының ортасында аяқталады, деп хабарлады olympic.kz.
-
Елордалық дәрігер "Алтын дәрігер" атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық емхана дәрігері Оразалы Рахимов Қазақстан Республикасы Ұлттық медицина қауымдастығының "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды.
-
Қазақстан мен АҚШ өкілдері әскери ынтымақтастықты талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті.
-
Сот жүйесін реформалау туралы заң жобасы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Владимир Волковтың төрағалық етуімен Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды.
-
50 шымкенттіктің атынан тауарлық несие рәсімдеген алаяқ қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 50 шымкенттіктің атынан тауарлық несие алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Райымқұлова Моника Иверсенмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті.
-
Проблемалық несиесі бар азаматтар қайда жүгінуі керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдарында қарызы бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға мәселені шешу тәртібін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Сергей Бодров «Моңғол-2» фильмін түсіруге дайындалып жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматыда «Бату» фильмінің түсіріліп бітуіне орай өткен баспасөз жиынында режиссер Рашид Нұғманов айтты.
-
Өзбекстанда сауда орталығында жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысына қарасты Денау қаласындағы сауда орталығында жарылыс болды. Жарылыстан бір адам қаза болып, тоғыз адам жараланған.
-
Түркістан облысында ретро-айтыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жырлайды» тақырыбында республикалық ақындар ретро-айтысы өтті.
-
Өтініш 29 желтоқсанда берілсе де, ескі шарт бойынша қаралады – «Отбасы банк»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өтінім берілген күнді есепке алады.
-
Түркістандық талантты балаларға музыкалық аспаптар сыйға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігі мен мәслихатының атынан елордалық өнер қайраткерлері Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебіне арнайы ат басын бұрып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектеп оқушыларына музыкалық аспаптарды тарту етті.
-
Өскемендік тұрғыннан Калашников автоматының патрондары табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері қараша айының соңында Өскемен қаласы тұрғындарының бірі, үйінде ойық қару патрондарын заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алды, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Тоқаев: Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға бейімдеуіміз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ұлттық кеңесте Ішкі істер органдары жүйесіндегі реформа талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Ұлттық кеңес мүшелерінің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен кездесуі өтті.
-
Жошы ханның өмірі туғаннан өлгенге дейін жұмбақ - тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біз Жошы ханның қай жылы дүниеге келгенін, қандай жағдайда көз жұмғанын білмейміз. Бұл туралы тарихшы Айболат Көшкімбаев Алматыда Бату хан туралы түсірілген деректі фильмге арналған баспасөз жиынында айтты.
-
«Омикрон» штамын анықтайтын ПТР тест жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапур ғалымдары «омикрон» коронавирус штамын анықтайтын әлемдегі алғашқы мамандандырылған ПТР тестін жасап шығарды.
-
Шавкат Мирзиёев Цифрлық үкімет офисінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда мемлекеттік іссапарда болған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Цифрлық үкімет офисінде болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Бату хан жайлы деректі фильм түсірілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Деректі фильмге көшпенділер мен Алтын Орда тарихын зерттеп жүрген отандық және шетелдік тарихшылар қатысқан. Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері Рашид Нұғманов аталған туындыны осы жылдың тамыз-желтоқсан аралығында түсіргендерін және 26 тарихшымен сыр сұхбат құрғандарын айтып берді.
-
Түрік инвесторы ШҚО-да хром байыту зауытын салмақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы түрік инвесторы Метин Октай «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» аясында өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
QazVac вакцинасы ДДСҰ-ның тіркеуінен қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, отандық вакцинаны мойындау рәсіміне біраз уақыт қажет.
-
Әлемдегі ең тиімді жеңілдіктерді Қазақстан ұсынып отыр – инвестор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ресейлік инвестор Александр Барбер «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» аясында өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
Биыл елімізде 130 млн түп көшет егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова 2 миллиард ағаш отырғызу жұмысы туралы айтып берді.
-
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі.
-
Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектебінің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Педагогтер арасында көлік саласы бойынша үздіктері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік және байланыс саласы бойынша педагогтер арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы белгілі болды. Бас жүлде Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Рүстем Миникеевке тиесілі.
-
Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада шетелдік инвесторлар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» барысында Қазақстанға инвестиция құйған шетелдік компаниялар марапатталды.
-
Pfizer. Ақылы вакцина қанша тұрады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын коммерциялық мақсатта пайдалану құны әлі анықталып жатыр.
-
Майкл Вирт қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» кезінде Chevron компаниясының төрағасы және бас директоры Майкл Вирт қазақстандықтарды Тәуелсіздікдің 30 жылдығымен құттықтады.
-
Вирус ешқайда кеткен жоқ – Цой жаңа жыл кешін тойлауға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Сондай-ақ ол ұжымдық кештер өткізу әр аймаққа және ондағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екендігін алға тартты.
-
Министр экономикаға үлес қосып отырған компанияларды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» барысында айтты.
-
Тілеуберді тәуелсіздік жылдары Қазақстанға қанша шетелдік инвестиция тартылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» (Kazakhstan Global Investment Roundtable KGIR 2021) барысында айтты.
-
Министр «Омикрон» штамының елімізде таралу ықтималдылығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемді алаңдатып отырған бұл штамм әлі зерттеліп жатыр.
-
Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасында литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті.
-
Президент өнеркәсіп саласында білікті мамандар жетіспейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспейтінін айтты. Бұл мәселені Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде көтерді.
-
Жастар әлеуметтік кәсіпкерлікті меңгеріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында жастарға арналған «3.2.1. Старт! әлеуметтік жоба аясында тренинг өтті.
-
Ақылы жолдарда кімдер жеңілдікпен жүре алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі аудандарда тіркелген жеңіл автокөлік құралдарының иелері мұндай мүмкіндікті пайдалануға құқылы.
-
Сапарбаев: Футболдағы легионерлерге қарсымын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімеді.
-
Әйел 29 жылдан соң ұлын Шымкент түрмесінен тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колонияда жазасын өтеп жатқан ер адам 29 жылдан кейін өз анасымен қауышты, деп жазады OTYRAR басылымы.
-
Бір жарым мың қарағандылық отбасы тегін азық-түлік себетін алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысында 1 500 отбасы азық-түлік жиынтығын алады. Акцияны ұйымдастырушы – «Халық» қоры өнімдерді жеткізуді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дейін аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
Сапарбаев Байзақ ауданының қазіргі жағдайы туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше ай бұрын Жамбыл облысының Байзақ ауданында төтенше жағдай болып, өңір тұрғындары зардап шеккен болатын. Сондай жерлердің бірі - Қайнар ауылы.
-
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының соңғы кезеңі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Saryarka үстел теннисі орталығында Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды IV кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев былтыр болған Қордайдағы жанжалға қатысты пікір білдірді.
-
Қарағанды облысында елік атқан браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында елік атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жамбыл облысының азық-түлік бағасын реттеу тәжірибесі өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының барлық ауданы мен Тараз қаласында 32 әлеуметтік павильон ашылған. Оларда 19 атаулы өнім нарықтағыдан айтарлықтай төмен бағамен сатылып жатыр.
-
Жамбылдықтардың орташа айлық жалақысы 22,6 пайызға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар аясында жыл басынан бері 33,9 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 18,7 мыңы – тұрақты.
-
Сапарбаев алдағы 5 жылда Жамбылда не өзгеретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
-
Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Елімізде «Омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көптің көкейіндегі бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді. Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, шешім алдағы эпиджағдайға қарай қабылданады.
-
Сапарбаев Жамбыл облысына берілген ең негізгі тапсырманы атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бердібек Сапарбаев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл облысының дамуы туралы» мәлімдеме жасады.
-
ШҚО-ның Жарма ауданында 280 тонна шөп өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарма ауданында шаруа қожалығының аумағында 280 тонна пішен өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Тоқаев: Өнеркәсіп саясаты туралы заң қабылдау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа қол жетімділігін қамтамасыз ететін «Өнеркәсіп саясаты туралы» заңды тезірек қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.
-
Шортандыдағы жарылыс: Қайғылы оқиғаға үй иесі кінәлі - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжілісте Шортандыдағы үйде жарылған газ баллоны өрт қауіпсіздігі талаптарына сай сақталмағанын айтты.
-
Жақсылықтың жақсылығын жалғастырғым келеді – «Парыз» сыйлығының иегері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылда мектеп салып, тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп жүрген кәсіпкер ҚР Президентінің «Парыз» сыйлығын иеленді.
-
Тәуелсіздікпен өсіп, егемендікпен ержеттік – Сүлейменова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын жария етті.
-
Кәсіпкер әйелдер Президенттің «Іскер» сыйлығын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің «Алтын сапа» 15-ші мерейтойлық сыйлығын марапаттау аясында «Ickep» сыйлығы және «Бизнес Кемелділік» – «Деловое совершенство» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
-
Президент «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздарын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада кәсіпкерлерге сапа саласындағы «Алтын сапа» марапаты табысталды. Жеңімпаздарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта құттықтады.
-
ШҚО-да көктайғақ салдарынан жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) бүгін сағат 06:30-дан бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Семей жолының Герасимовка ауылынан Семейге дейінгі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
«Төмен бағамен көлік әперемін» деп елді алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері тұрғынға «төмен бағамен көлік әперемін» деп уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Парижде Абай бюсті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматыда жылу трассасы жарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жылу трассасы жарылды. Қала әкімдігі көп ұзамай ыстық суды беру қалпына келтірілгенін хабарлады.
-
Аттестаттау мен бақылау шаралары қағаздың көбеюіне әкеліп соқпауы керек – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов балабақшаларды аттестаттауға қатысты пікірін білдірді. Айтуынша, енді бұл процесс жыл сайын өткізіліп тұрады.
-
Еуропа елдерінде мереке қарсаңында шектеу шаралары енгізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың таралуына байланысты тағы да түнгі клубтар жабылмақ. Бірақ бұл жолы қаңтар айының басына дейін жабылады. Қорғаныс кеңесі отырысының қорытындысы бойынша үкімет осындай шешімге келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу кезеңі басталар алдында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жеке құрамымен қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау бойынша кешенді сабақтар өткізілді.
-
«Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша алғашқы іріктеудің нәтижелері жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағдарлама бойынша алғашқы іріктеудің нәтижелері үш тізімде жарияланды: «Мақұлданды», «Резерв», «Бас тартылды».
-
Соңғы үш күнде БЖЗҚ-дағы қаражатына үй алғысы келетіндерден 46 мың өтініш түсті – Отбасы банк
Алматы, BAQ.KZ. Жұма күні, 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш. Қалыпты күндері платформа арқылы 2 200 жуық өтініш қабылданады. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Демеу» ұсынған мүмкіндіктер мол
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Ой-Сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің жобалар бойынша жетекшісі Ләйла Сұлтанбаева арнайы қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтудің қолайлы ұйымдастырылуы аса маңызды екендігін алға тартты.
-
Халыққа күнделікті табыс әкелетін кәсіппен айналысуды үйреткіміз келеді – Гүлжанат Мұратбай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұрпақ Next» қоғамдық қоры Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан республикалық «Демеу» әлеуметтік волонтерлік жоба аясында жұмыс істеп келеді.
-
АҚШ Қытайда өтетін қысқы Олимпиадаға бойкот жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Қытайға дипломатиялық бойкот жариялады.
-
Қарағанды облысында 3,7 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамуда. Алдын ала бағалау бойынша, ЖӨӨ 2021 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2% өсіммен болжануда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
7 желтоқсан. Елдегі коронавирус жағдайы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 7 желтоқсан күнгі елдегі коронавирус жағдайына қатысты ақпаратты жариялады.
-
Жасөспірімдердің 80%-ы мектепте екпе алғанды жөн көреді – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді Pfizer препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егу жалғасуда.
Наверх