Әлемдегі ең тиімді жеңілдіктерді Қазақстан ұсынып отыр – инвестор

7 Желтоқсан 2021, 17:35
1807
Бөлісу:
Әлемдегі ең тиімді жеңілдіктерді Қазақстан ұсынып отыр – инвестор
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ресейлік инвестор Александр Барбер «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» аясында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Алматы облысының оңтүстігінде ірі құс фабрикасын салу бойынша инвестициялық келісімшартқа қол қою жоспарланған. Инвестиция көлемі 47 млрд теңгені құрайды. Оның ашылуы келесі жылдың аяғына жоспарланып отыр. Бұл үш тараптың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Алматы облысының әкімдігі бізге барынша қолдау көрсетіп, нысанға қажет инфрақұрылымды жасап берді, - деді Барбер.

Ол жоба 3 кезең арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Алғашқы кезең 12,5 мың тонна құс етін өндіруден тұрады. Сондай-ақ қайта өңдеу де бар. Бройлер, құрама жем, етті қайта өңдеу, оны жою сынды қызметтерді қарастырып отырмыз. Одан әрі ет өңдеу зауытын салуды жолға қоямыз. Толық көлденең интеграцияланған өнеркәсіп болады. Ол құс еті мен терең өңделген етті өндіруге мүмкіндік береді. Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан және Тәжікстанмен келісімшартқа отырдық, - деді ол.

Инвестор бұл агроөнеркәсіп саласындағы алғашқы ірі жоба екенін атап өтті.

Қазақстанда құс етін өңдеуге беретін субсидиялар әлем бойынша үздік деп айта аламыз. Бұл - бүгінгі таңдағы ең тиімді жеңілдіктер. Сондықтан біз оны пайдаландық. Алматы облысы сыртқы коммуникацияны жүргізуді толық өз мойындарына алды. Біз жылына 35 мың құс етін өндіру қуаттылығына шықпақпыз. Алғашқы кезеңде 600, кейін 1000 жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз, - деді Барбер.

Өзгелердің жаңалығы