Вирус ешқайда кеткен жоқ – Цой жаңа жыл кешін тойлауға қатысты пікір білдірді

7 Желтоқсан 2021, 15:54
1066
Бөлісу:
Вирус ешқайда кеткен жоқ – Цой жаңа жыл кешін тойлауға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Сондай-ақ ол ұжымдық кештер өткізу әр аймаққа және ондағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екендігін алға тартты.

Сәйкес өңірдің бас санитарлық дәрігері әр аймақта қандай шектеулер немесе алдын алу шаралары болуы қажеттігін анықтайды. Сондықтан елдің қай облысына қатысты қандай талаптар бар екендігін айғақтап алу қажет, - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, Жаңа жыл мерекесін отбасында атап өткен жөн.

Жаңа жыл – әрқашан отбасылық мейрам. Сондықтан, жаңа жыл кештерінің ауқымын шектеген дұрыс, вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, ауру әлі де таралып, өлім-жітім деректері де тіркеліп жатыр. Барынша сақтанып, отбасыңызбен ғана қарсы алыңыз, - деп ескертті елдің бас дәрігері.

Сондай-ақ ірі жиындарды да шектеген абзал.

Егер тіпті, аз адам жиналғанның өзінде індет жұқтыру қаупін болдырмас үшін белгілі талаптар бар. Арақашықтықты сақтау мүмкін болатын кейбір конференцияларды қоспағанда, ірі іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ. Мектептердің өзі күн сайын жабылып жатқанын көріп отырсыздар. Адамдар әлі де ауырып жатыр. Одан құтылудың жалғыз тәсілі – вакцинация, - деді ведомство басшысы.

Сонымен биыл Денсаулық сақтау министрлігі ұжымдық кеш өткізбейміз деп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі «Омикрон» штамының елімізде таралуы ықтималдығы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы