Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарма ауданында шаруа қожалығының аумағында 280 тонна пішен өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.
Үш биік ауылында шаруа қожалығының аумағында 800 орам шөп өртенді. Өртті сөндіруге арнайы техника, жергілікті әкімдіктің қызметкерлері жұмылдырылды, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.