ШҚО-да көктайғақ салдарынан жолдар жабылды

7 Желтоқсан 2021, 11:33
776
Бөлісу:
ШҚО-да көктайғақ салдарынан жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) бүгін сағат 06:30-дан бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Семей жолының Герасимовка ауылынан Семейге дейінгі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Сондай-ақ сағат 06:40-тан бастап Омбы-Майқапшағай тасжолының Семейден Қалбатау ауылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл учаске арқылы жүк көліктері мен қоғамдық көліктер өтпейді.


Өзгелердің жаңалығы