Сапарбаев Жамбыл облысына берілген ең негізгі тапсырманы атады

7 Желтоқсан 2021, 12:45
907
Бөлісу:
Сапарбаев Жамбыл облысына берілген ең негізгі тапсырманы атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бердібек Сапарбаев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл облысының дамуы туралы» мәлімдеме жасады.

Дүние жүзіндегі экономикалық дағдарыстарға қарамастан, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының негізінде өңірімізде 11 айдағы экономиканың даму қарқыны 104,9 пайызды құрады. Негізгі экономикалық әлеуметтік көрсеткіштер былтырмен салыстырғанда жоғары болып отыр. Бұл республикамыздың орта көрсеткішінен де жоғары, – деді Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Әкімнің сөзінше, өңірлердің экономикалық дамуы сол аумаққа тартылған инвестиция көлеміне байланысты.

Осы жылы Жамбыл облысына 350 млрд астам инвестиция тартылды. Соның арқасында біздің кәсіпорындар 530 млрд теңгенің өнімін шығарды. Ауыл шаруашылығында да 101,5 пайыз өсім бар. Бізге берілген ең негізгі тапсырмалардың бірі – жұмыссыздардың санын көбейтпеу. Өздеріңіз көріп отырғандай, осы жылы қамту деңгейіміз 4,9 пайызды құрап отыр, – дейді Бердібек Сапарбаев.
Өзгелердің жаңалығы