Майкл Вирт қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

7 Желтоқсан 2021, 16:00
1193
Бөлісу:
Майкл Вирт қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» кезінде Chevron компаниясының төрағасы және бас директоры Майкл Вирт қазақстандықтарды Тәуелсіздікдің 30 жылдығымен құттықтады.

Компаниямыздың тарихында ерекше орын алатын елге үндеу жасауға шақырғаныңыз үшін рахмет. Биыл - Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезде ел басшылығы ілгері дамып, өркендеген болашақты болжаған болатын. Содан кейін нарықтық экономиканы құру және инвесторлар мен бизнесті тарту үшін шетелдік инвестицияларды, жаңа технологияларды және жаңа идеяларды тартуға негіз жасалды. «Шеврон» компаниясы мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің осындай экономикалық негізінің айрықша мысалы – Теңізшевройл (ТШО), - деді ол.

Майкл Вирттің айтуынша, Chevron Қазақстандағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі болды.

Біз қолжетімді, сенімді және таза энергияны өндіріп, жеткіземіз, осылайша біз елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарып, адамдардың тұрақты және гүлденген өміріне қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасаймыз. 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық ұйымдар мен кәсіпорындарға 158 миллиард АҚШ долларынан асатын тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асырды, оның ішінде қазақстандық қызметкерлерге жалақы төлемдері, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, салықтар, - деп түсіндірді Chevron компаниясының төрағасы.

Ол экономикалық өсуге және елдің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосу үшін біздің елмен тығыз жұмыс жасағандарын айтты.

Біздің жұмыс серіктестік күші арқылы қандай жетістікке жететінімізді көрсетті. Мен соңғы үш онжылдықта қол жеткізген бірлескен жетістіктерімізді мақтан тұтамын және біз бірге келер ұрпақ үшін гүлденген болашақты құруды жалғастыратынымызға сенімдімін. Тағы да Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын, - деп түйіндеді өз сөзін Майкл Вирт инвесторлар форумында.
Өзгелердің жаңалығы