Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

7 Желтоқсан 2021, 13:39
1117
Бөлісу:
Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев былтыр болған Қордайдағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

Естеріңізге салайық, қазақтар мен дүнгендер арасындағы қақтығыстан кейін облыс әкімі Бердікбек Сапарбаев «Бейбітшілік және келісім» жобасын қолға алған болатын.

Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте әкім жоба жұмысының қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Қордайдағы зақым келген 153 нысан қалпына келтірілді. Ол жердегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Бейбітшілік және келісім» жобасы жүзеге аса бастады. Оны жүзеге асыратын жергілікті билік, прокоратура, т.б. орган қызметкерлері, - деді Бердібек Сапарбаев.
Ол бүгінгде өңірдегі жағдай тұрақты екенін атап өтті.

Бүгінде үш топ құрылған. Олар 7 аймақты, әсіресе, басқа ұлттар көп тұратын елді мекендерде 100-ден астам іс-шара өткізді. Оған 40 мыңнан астам адам қатысты. Топтың негізгі міндеті – мемлекет саясатын түсіндіру, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету және жұмыссыздарды жұмыспен қамту, - деді ол.

Әкімнің сөзінше, жобаның басты көздеген мақсаты – ұлттар арасындағы достықты нығайту.

Өзгелердің жаңалығы