Халыққа күнделікті табыс әкелетін кәсіппен айналысуды үйреткіміз келеді – Гүлжанат Мұратбай

7 Желтоқсан 2021, 09:00
2689
Бөлісу:
Халыққа күнделікті табыс әкелетін кәсіппен айналысуды үйреткіміз келеді – Гүлжанат Мұратбай
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұрпақ Next» қоғамдық қоры Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан республикалық «Демеу» әлеуметтік волонтерлік жоба аясында жұмыс істеп келеді. 

«Ұрпақ Next» қоғамдық қорының директоры Гүлжанат Мұратбайдың айтуынша, «Демеу» жобасының қолдауымен «Ауылға Демеу» ақпараттық-насихаттық жобасы жүзеге асырылған. 

Жоба ауыл тұрғындарының арасында құқықтық, медициналық, кәсіпкерлік, тұрғын үй мәселелері тұрғысында кеңес беруді мақсат тұтқан. Сондай-ақ қор халыққа мемлекеттік бағдарламалар, ауылда кәсіп бастау, тегін білім алу, қысқа мерзімді курстарға қатысу, әлеуметтік жобалар мен гранттық конкурстарға қатысуды түсіндіруде сала мамандарын тартуда ұйытқы болып отыр. 

Халыққа күнделікті табыс әкелетін кәсіппен айналысуды үйреткіміз келеді – Гүлжанат Мұратбай

Мұнайлы ауданының Маңғышлақ, Мұнайлы-4, Қызылтөбе, Батыр, Баянды ауылдарында заңгер, психолог, медиатр, логопед, әлеуметтік қызметкерлер, Мұнайлы аудандық азаматтық бастамасы қоғамдық ұйымының, «Отбасы» банкі,  «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, көптің көкейін тескен маңызды сұрақтарға жауап берді, – деп атап өтті қор басшысы. 

Халыққа күнделікті табыс әкелетін кәсіппен айналысуды үйреткіміз келеді – Гүлжанат Мұратбай

Сонымен қатар ұйым басшысы көптеген ауыл тұрғындарының басты мәселесі – жұмыссыздық пен тұрғын үй мәселесі екендігін алға тартуда. 

Осындай басты мәселелер отбасында, тұрмыс-тіршілікте қиындықтар туғызатыны анық. Бұған қоса, азаматтардың өз құқықтырын білмеуі, жұмыс берушімен арадағы заңдастырылмаған іс-әрекеттердің салдары дау-жанжалға дейін әкеліп соқтырады. Жергілікті халықтың көп бөлігі жұмыс берушілерден зардап шегіп, айлықтарын өндіре алмай жүргенін айтты. Жоба шеңберінде оларға мамандарымыз кеңес беріп, мәселелерін шешуге көмектесті. Ауыл тұрғындары бұрыннан үнемі консультациялық, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құжаттарын реттеуге қол ұшын созатын орталықтың қажет болғанын айтып, ағынан жарылды, – деді Гүлжанат Мұратбай. 
Ұйым директоры жұмыссыздық мәселесін шешуге қоғам, басқарушы орган, кәсіпкерлер болып атсалысуымыз қажет деп санайды.

Қоғамның басты мәселесі – жұмыссыздық. Әр отбасына күнделікті қажеттіліктеріне табыс әкелетін, қабілетіне сай, ерлерге де, әйелдерге де қажетті үйдегі кәсіп түрін ашуға мүмкіндіктер жасауды үйреткіміз келеді, – деп отыр қоғамдық қор директоры.
Халыққа күнделікті табыс әкелетін кәсіппен айналысуды үйреткіміз келеді – Гүлжанат Мұратбай
Өзгелердің жаңалығы