Pfizer. Ақылы вакцина қанша тұрады?

7 Желтоқсан 2021, 16:11
1288
Бөлісу:
Pfizer. Ақылы вакцина қанша тұрады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын коммерциялық мақсатта пайдалану құны әлі анықталып жатыр.

Бүгін компаниямен бірге ақылы вакцинациядан өту мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар ведомство басшысы Алматыда Pfizer екпесін ақы төлеп салдырғысы келетіндердің тізімі жасалып жатқанын алға тартты.

 

Қажеттілікті анықтау үшін тізім жасалуда. Қазір Алматы емханалары сұранысты зерттеп жатыр. Себебі вакцинаның да жарамдылық мерзімі бар екені белгілі. Қанша азамат бұл вакцинаны алғысы келетінін алдын ала біліп алған абзал. Елордада да дәл осындай жағдай. Барлық өңірде қанша вакцина қажет, қанша адам бұл екпені алғысы келетіндігі туралы мәселе талқылануда, - деді Алексей Цой.

 

Екпенің жеткізілу мерзіміне тоқталған ол нақты уақыты белгісіз, бірақ жақын арада келеді деп отыр.

 

Бұл мәселені пысықтаудамыз, сұрақ жақын арада шешіледі, - деп отыр министр.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елімізде жаңа жыл кешін тойлауға қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы