Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының соңғы кезеңі өтеді

7 Желтоқсан 2021, 13:42
1243
Бөлісу:
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының соңғы кезеңі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Saryarka үстел теннисі орталығында Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды IV кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ашық біріншілік 10-12 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Суперлигада 10 клуб, ал жоғарғы лигада 23 клуб өзара бақ сынайтын болады. Үздік алтылық сапында «Астана» (Нұр-Сұлтан), Sigma (Шымкент), Greenwill (Ақтөбе), КНТ «Қарағанды», «Казаэронавигация» (Нұр-Сұлтан), «Шолақ-Терек» (Қостанай облысы) енеді.

Суперлига жолдамасы үшін Sigma Shymkent (Шымкент), «Павлодар», «Риха» (Қырғызстан) және Alga Express (Алматы) клубтарының мүмкіндіктері жоғары. Айта кетерлігі, жоғарғы лига клубтары арасында Суперлигаға екі жолдама сарапқа салынады.


Өзгелердің жаңалығы