Парижде Абай бюсті ашылды

7 Желтоқсан 2021, 10:43
1454
Бөлісу:
Парижде Абай бюсті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Париж қаласында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, жазушы Александр Пушкин және т.б. құрмет көрсетілді.
Парижде Абай бюсті ашылды

Абай Құнанбайұлының мүсіні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушысы Қазақстанның Франциядағы елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды.

Парижде Абай бюсті ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады, - деді Көлгінов.

Парижде Абай бюсті ашылды

Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз, – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы