Тілеуберді тәуелсіздік жылдары Қазақстанға қанша шетелдік инвестиция тартылғанын айтты

7 Желтоқсан 2021, 15:39
998
Бөлісу:
Тілеуберді тәуелсіздік жылдары Қазақстанға қанша шетелдік инвестиция тартылғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші  дөңгелек үстел»  (Kazakhstan Global Investment Roundtable KGIR 2021) барысында айтты. 

Әлемге бәсекеге қабілетті әлемдік капитал бағыттарды қалыптастырумен қатар биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Біз экономикалық үлкен жетістіктерге жеттік. Ол Орталық Азия бойынша жақсы көрсеткіш. Тәуелсіздік жылдары 376 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Дағдарыс кезінде нарық пен экономикаға өзгерістер енді,- деді Тілеуберді.

Ол атағандай, пандемия кезеңінде болған шаралар нәтижесінде 3,5 пайыз өсім болды.

Бұдан әрі де пандемияға дейінгі экономикалық өсімге жетеміз деген үміттеміз. Құрылыс пен қызмет көрсету саласында жақсы нәтижелер болды. Қыркүйек айында 49 пайыздық өсім көрсетті. Бұл-өте жақсы нәтиже,- деді ол.

Айта кетейік, шара 2017 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.



Өзгелердің жаңалығы