Бір жарым мың қарағандылық отбасы тегін азық-түлік себетін алады

7 Желтоқсан 2021, 14:06
1329
Бөлісу:
Бір жарым мың қарағандылық отбасы тегін азық-түлік себетін алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысында 1 500 отбасы азық-түлік жиынтығын алады. Акцияны ұйымдастырушы – «Халық» қоры өнімдерді жеткізуді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дейін аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Азық-түлікті буып-түюге және оны адресаттарға дейін жеткізуге Қарағанды қалалық штабының волонтерлері қатысады. Оған күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық кәмпиттер жиынтығы кіреді.

Қолдау аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ материалдық жағдайы қиын ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға көрсетіледі.

Желтоқсан айында республика бойынша 20 мың отбасы кезекті рет азық-түлік жиынтығын алады. Ал бұл жалпы сомасы 520 млн теңгеге 1 млн кг-нан астам қажетті өнім.

Шынымен қажет адамдармен жылуды бөлісу өте маңызды. Көрсетілген көмектің арқасында қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға да мереке сезімі келеді, – делінген қордың үндеуінде.

Өзгелердің жаңалығы