Сапарбаев: Футболдағы легионерлерге қарсымын

7 Желтоқсан 2021, 14:38
1236
Бөлісу:
Сапарбаев: Футболдағы легионерлерге қарсымын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы облыстың футбол клубының ойыншыларының жалақысы деңгейіне орай төленеді. Сапарбаевтың мәліметіне сүйенсек, футболшының ең төменгі жалақысы шамамен 300-500 мың теңгедей.

Негізі легионерлердің көп болуына қарсымын. Көп қаржы төленгеннен кейін олардан қайтарым болуы керек. Жалпы, «Тараз» ФК-да бес-ақ легионер ойнап жүр. Ал қалғанының бәрі жергілікті жастар. Біз жергілікті жастарды қолдап келеміз. Ойыншылардың жалақылары деңгейлеріне байланысты. Одан бөлек бізде бірінші лигада ойнайтын екі команда, одан кейін екінші лигадағылар, сондай-ақ, жастар лигасы бар. Солардың бәрі бір орталыққа бекітілген. Ал легионерлерге келетін болсақ, олар қомақты жалақы алмайды. Олар біздің бақылауымызда, - деді Жамбыл облысының әкімі.

Аймақ басшысы өңірде спорт, білім және денсаулық сақтау салалары бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Осы жылы облыста 23 білім беру нысанының құрылысына 11,1 млрд теңге бөлінген 19 мектеп, 4 қосымша құрылыс жүріп жатыр. Бүгінде 11 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 апатты, 1 үш ауысымды және 3 орын тапшылығы бар мектептің мәселесі шешілуде. 16 мектеп күрделі жөндеуден өтті, - деді Сапарбаев.


Өзгелердің жаңалығы