Сергей Бодров «Моңғол-2» фильмін түсіруге дайындалып жатыр

Сергей Бодров «Моңғол-2» фильмін түсіруге дайындалып жатыр
836

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматыда «Бату» фильмінің түсіріліп бітуіне орай өткен баспасөз жиынында режиссер Рашид Нұғманов айтты.

Режиссер «Бату» деректі фильмін түсіру барысында Алтын Орда мен көшпенділер тарихын тереңнен зерттеп жүрген тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінен сұхбат алғанын жеткізді.

Деректі фильмді түсіру барысында отандық және шетелдік 26 тарихшы мен қоғам қайраткерлерінен сұхбат алдық. Оның бірі алтын Орда мен көшпенділер мәдениетіне терең үңіліп, ол жайлы фильм түсіріп жүрген кинорежиссер Сергей Бодров. Ол кісі бұған дейін «Моңғол» фильмін түсірген. Қазір ол Шыңғыс хан туралы «Моңғол-2» фильмін дайындап жатыр. Яғни, Бодров осы тақырыпты жақсы меңгерген әрі жұмыс істеп жатқан адамның бірі,-деді Р. Нұғманов.

Айта кетсек, ресейлік кинорежиссер Сергей Бодровтың «Моңғол» фильмі 2007 жылы жарық көрген болатын.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға