Все новости за 23 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстандық үш гимнаст Дохадағы Әлем кубогінің финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Лицензиялық турнирде үш қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Украинада «Дельта» штамы анықталған алғашқы жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада коронавирустың «Дельта» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелді, деп мәлімдеді елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚК) хатшысы Алексий Данилов. Ол бұл туралы 23 маусымда TSN-ге берген сұхбатында айтты.
-
#Желмая. Машина жасау тек көлік өндіруден тұрмайды – Қарабаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев.
-
Павлодарда полицейді өзіне қол жұмсауға итермелеген прокурор қызметінен қуылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында полицейді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген аудандық прокурор мен оның орынбасары қызметінен кетті.
-
Қазақстан елшісі Бельгия Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды.
-
Түркістанда түркітілдес елдердің халықаралық жастар саммиті аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркітілдес елдер жастарының өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Түркі елдері жастарының аллеясының» ашылуына қатысты.
-
Қазақстан мен АҚШ-тың діни сенім бостандығы мәселелері бойынша сараптамалық талқылауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін онлайн форматта діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі қазақстандық-америкалық сараптамалық жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.
-
Ермекбаев шетелдік әріптестеріне ел әскерінің пандемиямен күрестегі қызметі туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Мәскеудегі IX Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысты.
-
Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды.
-
Үндістанның жаңа елшісі БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасындағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу өткізді.
-
ІІМ-де «Серт» детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші республикалық «Серт» детективтік шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мәжілістің экс-депутаты Қуаныш Алпысбеков қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елге танылған белгілі азамат, қайраткер тұлға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II шақырылған депутаты Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті деп хабарлайды zakon.kz.
-
Сұлтанов Ресейге шекаралас аумақтарда өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Душанбеде өткен кездесуде Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетниковпен екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын тереңдету мәселесін талқылады.
-
Алматыда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалистері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің финалисі болған алматылықтармен кездесу өткізді. Бұл жоба 2017 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм мен білімге табыну идеяларын әртүрлі мамандықтағы нақты адамдардың арқасында іске асуда.
-
Министр Мусин әріптестерін мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда халық арасында мемлекеттік қызметшілерге қатысты екіұдай көзқарас қалыптасқан. Халықтың оларға сенімінен гөрі күдігі басым сияқты. Кез келген жерден шикілік көріп, жақсы тұстарын байқамай жататын сәттер де болады.
-
Инсульт алған павлодарлықтар екпені үйлерінде алады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Инсульт алған тұрғындар вакцинаны үйлерінде алу мүмкіндігіне ие. Мамандар науқастардың үйлеріне өздері барады.
-
Павлодар қаласында 22 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Павлодар қаласын көгалдандыруға баса назар аударылады.
-
Басқа вакцинаны күтіп, уақыт жоғалтпаңыздар – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Вакцина алмағандарға айыппұл салынуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.
-
Үндістандық штамға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше үндістандық штамның алдын ала расталуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікірін білдірді.
-
Егер жұмысшы вакцина салдырудан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер еңбек орнындағы қызметкер вакцина алудан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма? Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді.
-
Вакцина алмаған азамат ПТР тестін апта сайын тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
-
Исекешев ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының XVI кездесуіне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он алтыншы кездесуіне қатысты.
-
Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
-
Президент бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.
-
Қазір ғылымға қарсы тұратын уақыт емес. Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Дельта» штаммын жұқтырған науқастар анықталғанын айта келе, карантиндік талаптарды қатаң түрде сақтау керектігін мәлім етті.
-
Үндістандық штаммен күресуге дайынбыз ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.
-
Елімізде вакцина алған қанша адам вирус жұқтырды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді.
-
Вице-премьер өзінің қандай вакцина алғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавируске қарсы вакцина алғандығын айтты.
-
Алматы базарында тағы да 100 теңге үшін жанжал болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы базарының автотұрағында 100 теңге үшін тағы жанжал болды.
-
Вакцина алуға міндеттеу азаматтардың конституциялық құқығын бұзбай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.
-
Коронавирус: «Қордай» шекара пунктінің жұмысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бекеттің жұмысы уақытша тоқтатылуына қазақ-қырғыз шекарасында КВИ-ге шалдыққан науқастың анықталуы себеп болды.
-
Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы да қатысты.
-
Қазақстанда локдаун енгізіле ме? – Тоғжанов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты локдаун енгізілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.
-
Вакцинациялау көрсеткіші көңіл көншітпейді – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
-
Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды.
-
Қазақстан тұрғын үй компаниясына жаңа төраға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 23 маусымда Жалғыз акционер «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен Рустам Мұратұлы Исаев «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТҮК) АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланды.
-
Тоғжанов: Жаңа штамның өзгелерге жұқтыру ықтималдығы жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
-
Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Twitter-дегі ресми аккаунтында хабарланды.
-
Біртанов ТЖ кезінде ауруханаларда ӨЖЖ аппараты тапшылығын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «СҚ-Фармация» ісі бойынша сот кезінде төтенше жағдай кезінде медициналық мекемелерде ӨЖЖ жетіспеушілігінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Ұлттық ұлан Ән-би ансамблі әскери театры тобының тұсауы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және Қазақстан полициясы күніне орай, Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің «Жеңіс жалауы» спектаклінің тұсаукесері өтті.
-
Депутат сот-прокуратура шешімдеріне реніші бар тұрғындармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біраз күн болды, Мәңгілік Ел - Нұржол бульвары қиылысында бір топ азамат өздерінің талап-тілектерін білдіріп тұр. Бүгін өз ықтиярым бойынша сол азаматтармен кездестім, - деп жазды депутат Ерлан Сайыров Facebook-тегі парақшасында.
-
Қазақстан мен Қырғызстан көлеңкелі экономикамен күресті күшейтпек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрілігің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
-
Кедей шенеунік - қауіпті шенеунік. Тайжан мемқызметкерлердің жалақысын көтеру қажет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мен де мемлекет қызметкерлерін кәсіби мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметкерлердің 99,9% сыбайлас жемқорлықтан жұрдай адамдар, жұмыстарын адал атқарып жатыр.
-
Қазақстанда ми ісігін емдеу арқылы медициналық туризмді дамытуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында іске қосылған гамма-пышақ құрылғысы қатерлі дерттен емдеп қана қоймай, еліміздің медициналық туризмін дамытуға үлес қосуы мүмкін. Себебі гамма-пышақ бүгінгі таңда Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда ғана бар.
-
«Еңбек» бағдарламасы: 286 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымдағы жағдай бойынша 285,8 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды.
-
Тоқаев: Қоғамымыз сіздерге заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Полиция – елге жақсы қасиеттерімен есте қалуы керек
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 23 маусым – қазақ полицейлерінің кәсіби мерекесі. Жалпы өмірде кім қай салаға бейім, сол мамандықты таңдайтыны сөзсіз. Тіпті кейде бір әулеттен бірнеше адам бірдей мамандықты таңдап жатады. Бұған әрине өз ісіне берілген, өз міндетін сүйіп атқаратын, жауапкершілікпен қарайтын әу бастағы адам себепкер болады. Соны көріп өскен өзгелері де сол сияқты болуға ұмтылады.
-
Мәселе ушығып кетті. Депутат зейнетақыны шешудің жүйесіздігі неге әкелгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров бір реттік зейнетақыны шешуден халық емес, құрылыс иелері мен банктер пайда көргенін айтты.
-
Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы көрікті мекен Көлсай мен Қайыңдыға халықтың көптеп келуімен жергілікті тұрғындар туристерге қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгеріп, табыс табуда. Әсіресе қонақүй бизнесі мен таулы жерде арнайы көлікпен адамдарды аралату қызметі жандана түскен.
-
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада AgriTek/FarmTek Astana 2021 халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі басталды.
-
Имамбаев чемпионаттан кейін спортшылардың төбелесуіне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» туралы брифингте Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев айтты.
-
Қазақстандық вакциналар үндістандық штамнан қорғай ала ма? Бекшин жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. QazVac және Sputnik V вакциналары коронавирустың дельта штамынан қорғауға мүмкіндігі бар-жоқ екендігі айтылды.
-
«Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» қызметін бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметінің тұсаукесер рәсімі өтті.
-
Қолымыздан ештеңе келмесе, Мәжілісте неге отырмыз? – Қазыбек Иса
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясы мүшесі Қазыбек Иса бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР вице-премьері Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жасады.
-
Қатерлі ісікті емдейтін Орта Азиядағы жалғыз құрылғы Қазақстанда іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қатерлі ісік және мидың зақымдануларын емдейтін Орта Азиядағы жалғыз гамма-пышақ құрылғысы елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында іске қосылды. Бұдан былай отандастарымыз ешқандай пышаққа түспей-ақ қатерлі ісіктен жазылып шыға алады.
-
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2002 жылдың 20 желтoқсанында Бipiккен Ұлттаp Ұйымының 57-iншi Бас ассамблеясының сессиясы өтiп, 23 маyсым БҰҰ-ның мемлекеттiк қызметкеpлеp күнi деп бекiтiлдi. Сoнымен қатаp, БҰҰ мүше мемлекеттеpдi дәл oсы күндi мемлекеттiк қызметкеpлеp күнi деп танyға шақыpған бoлатын.
-
«Қазақстан барысы» атанған балуанның қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» туралы брифингте Qazaqkuresi қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов айтты.
-
IT мен тіл мамандары бірлесе жұмыс істеуі керек – Шерубай Құрманбайұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордамызда өткен «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық семинарда ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы мәлімдеді.
-
Алматыда 10 күннің ішінде мутация штамына арналған 63 зерттеу жүргізілді – Бекшин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Биыл «Қазақстан барысында» 37 балуан бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» брифингінде Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев айтты.
-
Мәжілістің жетінші шақырылымының 1-сессиясы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды.
-
Бекшин үнді штамы анықталған пациент туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамының кімнен анықталғаны туралы айтты.
-
Қызылордада суға түсудің ережесін сақтамағандар жазаланып жатыр
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілші. Қызылорда облысында маусым айының алғашқы күнінен бастап суға түсу маусымы ашылды. Содан бері жағажайлардағы тәртіпке бағынбаған 20 азамат жауапкершілікке тартылды.
-
Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізді.
-
Әйелдің қолынан келмейтін дүние жоқ – полиция подполковнигі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 маусым – Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы 23 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заң қабылданды. 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен 23 маусымды «Полиция күні» деп бекітті. Осы уақыттан бастап бұл күн мерекеленіп келеді. Мерекеге орай ішкі істер органдарында қызмет етіп, елге үлес қосып жүрген нәзік жандылар да баршылық. Соның бірі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметовамен әңгіме өрбіткен едік.
-
Дариға Назарбаева Маминге: Еліміз интернетпен 98,7% қамтылды дегенге сенбеймін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады.
-
Үкімет шаруаларды «тарыдай шашылған» электронды порталдардың қулықтарын түсінуге жегіп қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бекжанов субсидиялар алудағы қиындықтарға тап болғандарға қатысты Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
-
Ақмола облысында вакцина алу үшін ынталандыру шаралары басталды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирусқа қарсы вакцинацияны жеделдету үшін жергілікті билік тұрғындарды ынталандыру шараларын бастады.
-
Алмас Әмзеев: Қазақстан полицейлері қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 23 маусым – Полиция күні. Атаулы мерекеге орай, Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Әмзеевпен шымкенттік полицейлердің қызметтегі жетістіктері жайында әңгімелестік.
-
Қазақстандықтар мемлекеттік органдардың қандай болғанын қалайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың мемлекеттік органдардың қандай болғанын қалайтыны туралы әлеуметтік сауалнама нәтижелерін ұсынады.
-
Елімізде мемлекеттік емес сот-сараптама ұйымы құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда сот сараптамасы нарығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін жеке ұйымдар құру жоспарланып отыр, ал сот сарапшыларын аттестаттау сертификаттауға ауыстырылады.
-
Халықтың полицияға сенімін арттыру үшін, сервистік модельге көшу жалғасуда – Тұрғымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІО қызметкерлері мен ардагерлерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Александр Бублик АТР турнирінің екінші айналымына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның Истборн қаласында теннистен АТР сериясындағы кезекті турнир өтіп жатыр. Бірінші айналымда екі қазақстандық теннисші бақ сынады деп жазады Olympic.kz.
-
Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Елорда әкімдігіне бір апта ішінде эпидахуалды тұрақтандыру үшін түбегейлі шаралар қабылдау тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды.
-
Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
23 маусым – Қазақстан полициясы күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған болатын.
-
Түркістан облысында су беру қызметінің құны төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ы «Оңтүстікауызсу» филиалының реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.
-
Жәрмеңкеден қалған жәдігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халид Айдархановтың көрсетуімен Қояндыға жетіп, ақсақалдың ақжайма дастарханы мен ақеділ көңіліне кенелген салт аттылар 21 маусым таңын сергек қарсы алды. Айтмұхан ақсақал өте ширақ, ауылды аузына қаратқан аузы дуалы, сөзі уәлі адам екен.
-
Балалар құқығын қорғаудың шұғыл әрі нәтижелі шаралары қабылдануда – Дәулет Кәрібай
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Дамуға бет алған мемлекетте балалардың құқықтары жоғары деңгейде қорғалуы тиіс. Елімізде, оның ішінде Жамбыл өңірінде бұл бағытта нақты жұмыстар қолға алынған.
-
Үндістанда тұрғындарды вакциналау науқаны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда тұрғындарды тегін вакциналау науқаны басталды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Бір тәулікте 81 адам коронавирус пневмониясына шалдықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусымдағы коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
-
Өткен тәулікте 1168 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1168 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1248 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1248 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Еркін күрестен қазақстандық төрт балуан әлемдік рейтингте ТОП-5 қатарына енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрес балуандарының рейтингін жаңартты. Олимпиадалық салмақ бойынша төрт қазақстандық спортшы алғашқы бестікке енген, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Ақтөбе облысында бес айда 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақтағы 30 мыңнан аса маманның еңбекақысы 15%-ға өсті. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Президент шілдеде бір аптаға демалысқа шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айының ортасында демалысқа кетеді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Жезқазған тұрғынынан қарасораның 110 бұтасы тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне қаланың белгілі бір тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысады деген ақпарат түскен. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлады.
-
Испаниядағы мектеп оқушылары вакцинаны оқу жылы басталғанға дейін алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда мектеп оқушылары коронавирусқа қарсы вакцинаны оқу жылының басталуына екі апта қалғанда бастайды, деп жазады «Российская газета».
-
Алматыда 12 қаңғыбас бала бейімдеу орталығына орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 12 қаңғыбас бала арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
АҚШ-та 30 жастан асқан тұрғындардың 70%-ы вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың пандемияға қарсы іс-қимыл бойынша үйлестірушісі Джеффри Зинтс президент Джо Байденнің 30 жастан асқан елдегі ересек тұрғындардың 70%-ына коронавирусқа қарсы препараттың кем дегенде бір дозасын салу керек деген мақсаты орындалғанын айтты, деп жазды РИА Новости.
-
Токио Олимпиадасында ел намысын 6 дзюдошы қорғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодар облысында бір отбасы ыстан уланып ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Баянауыл ауылында бір қабатты тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешінің ақаулығы салдарынан отбасының барлық мүшелері улы газдан уланған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Наверх