Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

23 Маусым 2021, 14:00
4244
Бөлісу:
Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?
EX PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы көрікті мекен Көлсай мен Қайыңдыға халықтың көптеп келуімен жергілікті тұрғындар туристерге қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгеріп, табыс табуда. Әсіресе қонақүй бизнесі мен таулы жерде арнайы көлікпен адамдарды аралату қызметі жандана түскен.

Көлсай көлдеріне баратын жол жөнделгелі туристер бұл мекенге көптеп келетін болған. Турист бар жерде ақша бар, ауыл халқы бұны жақсы түсінеді және жаппай қызмет көрсетуге бейімделуде. Кеген ауданындағы Көлсай мен Қайыңды көлі де Саты ауылының жанында орналасқан. Жергілікті халық бұрын ауыл шаруашылығымен айналысқан. Совхоз тарағанда халықтың бір бөлігі қалаға жұмыс іздеп көшіп кеткен. Дегенмен соңғы кездері ауылға қайтып келіп, өз кәсібін ашып, тіршілігін жасап жатқандар да бар.

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Көлсай көлдері маңында жүзден астам киіз үй тігіліп, көптеген қонақүй салынған. Ауыл халқы үйлерін қонақүй ретінде пайдаланып отыр, енді бір бөлігі УАЗ көлігін сатып алып, жеңіл көлік жүрмейтін жермен туристерді тасумен айналысады. Ал көл маңайында жылқыларын жалға беретіндер мен ас әзірлеп, сусын сататындар да бар. 

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Ауылда қазір 80-нен астам УАЗ көлігі бар екен. Бұл көліктер негізінен жолы нашар Қайыңдыға адам тасиды. Ол жаққа жеңіл көліктер бара алмайды, асты биік, жол талғамайтын көліктер ептеп барып жатыр. 

Саты ауылының тұрғыны Сейсенбек Омаров УАЗ көлігімен күніне екі рет Қайыңдыға адам жеткізетінін айтады.

Көлсайға жол жөнделгелі келушілер де көбейді. Бірақ Қайыңдыға баратын 15 шақырымдай жол жеңіл көлікке жарамайды. Мұнда келген туристер ол жаққа да барғысы келеді, сұранысқа қарай ауыл тұрғындары УАЗ көлігін сатып алып, сонда адам тасып жүрміз. Қазір ауылда 80-нен астам осындай көлік бар, - дейді ол. 

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Ауыл тұрғындары жазғы туристік маусымды тиімді пайдалануға тырысады. Көбі өзі тұрып жатқан баспанасын қонақүй ретінде жалға беріп, кәсіп етіп отыр. Қаладан келген туристерді сол жерде қондырып, үш мезгіл тамағын береді. 

Саты ауылындағы мектепте мұғалім болып істейтін Гүлзия Сәрсенбаева жазғы демалыста туристерге қызмет көрсетіп, бос уақытын тиімді пайланауды жөн санайды.

Жаз мезгілінде туристер демалыс күндері ғана емес, аптаның ортасында да келеді. Менің үйім он үш адамға арналған. Келушілерге үш уақыт тамақ пен моншасын әзірлеп беремін. Бұрын бізге негізінен шетелдіктер келетін, пандемия басталғалы олар азайып, керісінше өз халқымыз көптеп келе бастады. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкенттен келіп жатқан адамдар көп, - дейді ауыл тұрғыны. 

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Көлсайға жол жөнделген соң, ауылға су келген, көше жарықтандырылып, интернет те істей бастаған. Ұялы байланыс қосылғалы қонақүйге келушілер саны да артқан. Оның үстіне Алматы сияқты ірі мегаполиске жақын орналасқан, бар болғаны 280 шақырым.

Ұялы байланыс орнатылғалы бізге ыңғайлы болды. Турфирмалар алдын ала осындай күні келеміз деп хабарласады. Оған қоса олар қандай тағам ішкісі келетіндерін де хабарлап, ас-мәзірлерін жібереді. Солардың бағдарламасына қарай асты әзірлеп қоямын. Турфирмалармен келісімшарт бойынша жұмыс істеп отырмын, - дейді Сәрсенбаева.
Мұндай үйде бір күн тұру адам басына 8-12 мың теңге аралығында шығады. Оның ішіне үш мезгіл тамақ, монша, WI-FI және тағы басқа қызметтер кіреді. 

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Гүлзия Сәрсенбаева келешекте үйінің жанынан шағын қонақүй салуды көздеп отыр. Оны өз күшіммен салуға шамасы жоқ, енді мемлекеттен субсидия алуға талпынып көрмек. Ол үшін бизнес жоспар әзірлеп жатыр екен.  

Көлсай маңында киіз үйлерден басқа үлкен қонақүйлер де көптеп салына бастаған. Мәселен, 2019 жылы 8 нысан болса, биыл 29 қонақ үй жұмыс істеп тұр. Жақында ғана 40 адамға есептелген Kolsay Grand эко қонақүйі ашылыпты. 

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Бұл жердің орналасуы өте керемет. Көлсайға дейін 5 минуттық жер әрі керемет табиғатта тұр. Мұнда сондай-ақ глэмпинг бар, алдағы уақытта балаларға арнап ойнау алаңын саламыз. Оған қоса біз қыс мезгілінде де істей береміз. Қазір келушілер өте көп, - дейді қонақүй директоры Әлішер Тайжанов.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық ММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Сағыныш Әзімовтің айтуынша, Көлсай көлдеріне 2019 жылы 87 мың адам келсе, 2020 жылы карантинге қарамастан 83 153 адам келген.

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?

Биылғы маусым енді басталып жатыр, алайда осы уақытқа дейін 45 мың адам келді. Былтыр шетелден 53 турист келсе, биыл 70-80-ге жуық адам келді. Қазір Ұлттық паркте 7 туристік бағыт бар, оның екеуі үлкен сұранысқа ие. Біріншісі, төменгі Көлсай көлі, екіншісі Қайыңды көлі. Сондай-ақ Көлсай көліндегі су маршруты да үлкен сұранысқа ие. Жол жөнделгелі адамдардың 70%-ы Көлсайға келіп жатыр. Адамның көптігіне байланысты сыйымдылықты азайту мақсатында Күрметаулы, Қыземшек, ортаңғы Көлсай бағытын аштық. Алдағы уақытта Көлсай мен Қайыңдыдағы маршрутты атпен және жаяу деп екіге бөлуді жоспарлап отырмыз, - дейді ол.
Алдағы уақытта Көлсайда екі отель, визит орталық, глэмпинг, кэмпиг және этноауыл бой көтермек. Ол үшін 17 гектар жер жалға берілген. 

Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?
Өзгелердің жаңалығы